• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 17:04:15
Алматы
+35°

05 Қазан, 2018 Саясат

Жолдау: 2019 жыл – Жастар жылы

Әр Қазақстан азаматы реформалардың мәнісін, Отанымызды өркендету жолында олардың маңызды екенін түсіну керек.

Бүгін білім жүйесі, жер, тұрғын үй мәселесі, құқық қорғау органдары өзге де өзекті тақырыптарды қаузаған Назарбаев жастарды да назардан тыс қалдырмады. 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Әр Қазақстан азаматы реформалардың мәнісін, Отанымызды өркендету жолында олардың маңызды екенін түсіну керек. Ал мұны жеткізу біздің міндетіміз. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын бәрі қолдады. Оған қосымша «Бес әлеуметті бастаманы» көтердік», - деген Елбасы жастар мен отбасы институтын қолдау – мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуы тиіс екендігін ескертті.

«Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынамын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұған қатысты Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі тарих факультетінің деканы Тілеген Садықов пікір білдірді. Ол Елбасының бүгінгі Жолдауын «жас мамандарға жарқын жол ашқан бірден бір жолдау» деп есептейді.

«Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың биылғы жылғы жолдауында еліміздің тірегі – жастар мәселесіне жете мән бергендігімен аса маңызды деп санаймыз. Қоғамның даму үдерісін ілгерілетудің жетекші күші жастар екендігі ақиқат дүние. Жолдауда жоғары оқу орындарына мамандық алып шыққан жастардың өз мамандығы бойынша жұмысқа тұрып, елімізге қызмет етуі мәселесі қоғамның даму тенденциясын анықтайтын фактор екендігіне зор мағына берілген.

Оқу бітіруші түлектердің мамандықтарына сәйкес жұмыс істеуінің әлеуметтік-экономикалық астары түптеп келгенде еліміздің даму индексін анықтайды. Білікті маман шығару және оны жұмыспен қамтамасыз ету білім беруші және жұмыс ұсынушы мекемелер арасындағы бар байланысқа жаңаша сипат беретін болады. Экономикалық аспектіде еліміздің өркендеп даму стратегиясы жүзеге асатын болса, ал әлеуметтік тұрғыда жас маманның жақсы өмір сүру қағидаттары орындалатын болады. Кәсіби шеберлігі шыңдалған маман қоғамымыздың экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Елбасының жолдауы жоғары оқу орны саласында қызмет ететін педагогтарға тың серпіліс әкеліп, жаңа форматта маман даярлау және оның жұмысқа қабылдану траекториясын айқындаудағы басты бағдарымыз», - деді Садық Тілеген.

Айта кетейік, Елбасы 5 қазанда Ақорда резиденциясында халыққа Жолдауын жариялады. Жолдауын жарияламас бұрын Қазақстанның бүгінгі күнге дейінгі жетістіктерін тізіп, алдағы жоспарларды атады.

Елбасы Жолдауын ұлттық телеарналар мен Ақорданың Фейсбуктегі ресми парақшасы тікелей эфирде көрсетті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір