• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 16:33:59
Алматы
+35°

12 Қазан, 2018 NEWS

Жолаушылар автобусы 2 күнде 224 рет жол ережесін бұзған

Жолаушылар автобусының жүргізушілері жіберген жол қозғалысы ережесін бұзған 224 фактіні анықталды.

«Автобус» жедел-профилактикалық шарасы барысында 2 күннің ішінде полицейлер жолаушылар автобусының жүргізушілері жіберген жол қозғалысы ережесін бұзған 224 фактіні анықтады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның 38 фактісі – қоршаған ортаны ластау (пайдаланылған газ) және шу деңгейі. Сондай-ақ жаяу жүргіншілер жолында жол бермей өтіп кеткен 2 факті мен рульде келе жатып телефонмен сөйлескен 17 оқиға анықталды.

Астана ІІД баспасөз қызметі айтқандай, «Автобус» жедел-алдын алу шарасы астана төңірегінде 9-13 қазан аралығында апаттың болуын төмендету мақсатында жүргізушілердің жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережесін бақылауды күшейту үшін өткізді.

ЖПШ өткізу кезеңінде жолаушылар автотранспортының жүргізушілері тарапынан ЖҚЕ қатаң бұзғандардың жолын кесу және анықтау бойынша рейдтік шаралар өткізілуде. Сондай-ақ автобустардың техникалық жағдайы, норматив пен стандарт талаптары бұзылған автобусты пайдалану және басқару фактілері анықталуда, жүргізушілердің еңбек және демалыс режимі мен жолаушыларды тасымалдаудағы бекітілген нормаларды сақтауы да тексерілді. Бұған қоса, полиция қызметкерлері қалалық автобустардың техникалық жағдайы мен жүргізушілердің жол қозғалысы ережесін сақтағанына да көңіл бөліп бақылады.

Бүгінде шараға бақылау үшін әкімшілік полиция және жергілікті полиция қызметкерлерінен, Астана бойынша көлік бақылау инспекциясы, мемлекеттік кірістер департаменті мен қоғам мүшелерінен құралған 10 топ жұмылдырылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір