Жол ережесіне қатысты 2018 жылғы жеңілдетілген айыппұл мөлшері қандай?

Жол ережесіне қатысты 2018 жылғы жеңілдетілген айыппұл мөлшері қандай?
ⒸBaribar.kz

28 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаев ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне өзгерістер енгізу туралы заңына қол қойды. Әкімшілік құқықбұзушылық кодексіне енгізілген ережелерге сәйкес, жол ережелерінің бұзылуына қатысты айыппұлдың 22 түрі азайтылды. Аталған заң бойынша айыппұл 7 күннің ішінде төленсе, 50%-дық жеңілдік жасау мүмкіндігі бұрынғыдай қалдырылды.

Айыппұлды бірнеше жолмен төлеуге болады

Екінші деңгейлі банктердің кассалары немесе «Қазпочта» АҚ арқылы қолма-қол ақшамен төлесеңіз болады. Мұндай төлем нәтижесінде айыппұл туралы хабарлама ҚР Ішкі істер министрлігінің базасына бірден жіберіледі. Қазіргі уақытта екінші деңгейдегі 17 банк осы жүйеге қосылған.

Төлем жасар кезде, бюджеттік сыныптама кодын (БСК) дұрыс көрсету қажет. Егер қате кетсе, айыппұл жабылмаған болып есептеледі.

Қолма-қол ақшамен айыппұлды Kaspi терминалдарымен немесе QIWI кошелек арқылы да төлеуге болады.

Сондай-ақ, egov.kz порталына тіркеліп, банк картаңыз арқылы да айыппұлды төлеудің  баламалы тәсілдері бар. Бұлардан бөлек, екінші деңгейдегі банктердің Интернет-сайттарында онлайн төлемдер бар: мысалы, Казком төлем карталарының иелері homebank.kz сайтында айыппұл төлей алады.

 baribar.kz

Құқық бұзушылықтың атауыҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіАЕК бойынша айыппұл көлемі  Теңгемен есептегенде айыппұл көлемі

Жылдамдықты арттыру

Жылдамдықты 10-20 км/сағ арттыру 592-бап,  1-тарау5 АЕК 12 025 теңге
Жылдамдықты 20-40 км/сағ арттыру592-бап, 2-тарау15 АЕК 36 075 теңге
Жылдамдықты 40 км/сағаттан арттыру592-бап, 3-тарау 30 АЕК  72 150 теңге

Қиылыстарды, жүргінші жолақтарын, жол өткелдерінен өту

Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай өту599-бап, 1-тарау10 АЕК 24 050 теңге
Көлік құралдарының көлденең бағыттағы жол жүрісіне кедергі келтіруге (кептеліске) әкеп соққан кептеліс пайда болған жағдайда жол қиылысына шығу немесе жолдың жүру бөлігін кесіп өту594-бап, 1-тарау10 AEK 24 050 теңге
Жол жүрісінде басымдықты пайдаланатын көлiк құралдарының жүргiзушiлерiн қоспағанда, жол жүрiсi қағидаларының жаяу жүргiншiлерге немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларына жол беру талаптарын орындамау600-бап, 1-тарау10 AEK 24 050 теңге
Жол қиылыстарынан өтудің басым құқығын пайдаланатын көлік құралына жол беру талабын орындамау594-бап, 2-тарау15 AEK 36 075 теңге
Бiр мезгiлде жарқылдауық маягi мен арнайы дыбыс сигналы iске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлiк құралының жүруiне басымдық бермеу598-бап, 1-тарау7 AEK 16 835 теңге
Сыртқы жағында арнайы түстi-графикалық схемалар, жазулар және белгiлеулер бар, бiр мезгiлде жарқылдауық маягi мен арнайы дыбыс сигналы iске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлiк құралының жүруiне басымдық бермеу598-бап, 2-тарау10 AEK 24 050 теңге
Темiржол өтпелерiнен тыс жерден темiржолды кесiп өту, жабық тұрған немесе жабылып жатқан шлагбаумнан не бағдаршамның немесе өтпе кезекшiсiнің тыйым салатын сигналы берілген кезде темiржол өтпелерiне шығу, сол сияқты темiржол өтпесiнде тоқтау немесе тоқтап тұру607-бап, 1-тарау10 AEK 24 050 теңге

Маневр жасау

Жол жүрісі қағидаларының жүру, қайта ауыстыру, бұрылу, кері бұрылу немесе тоқтау алдындағы сигнал беру талабын орындамау595-бап, 1-тарау5 AEK 12 025 теңге
Тыйым салынған жерлерде кері бұрылу немесе артқа жүру595-бап, 2-тарау10 AEK 24 050 теңге
Жүрудің басым құқығын пайдаланатын көлік құралына жол беру талабын орындамау595-бап, 3-тарау15 AEK 36 075 теңге

Жолда орналасу

Жол жүрiсi қағидаларын бұзып, жаяу жүргiншiлер жолдарымен, жол жиектерiмен немесе тротуарлармен жүру596-бап, 1-тарау15 AEK 36 075 теңге

 

Қарсы бағытта жүруге арналған жағына, оның ішінде кері бұрылып немесе бұрылыс жасап шығу596-бап, 3-тарау1 жылға жүргізуші куәлігінен айыру
Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шықпай, басып озу қағидаларын бұзу, сол сияқты ұйымдасқан көлiк колоннасын немесе жаяу колоннаны кесiп өту не оның арасынан орын алу596-бап, 2-тарау20 AEK 48 100 теңге

 Тоқтау, көлікті қою

Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу597-бап, 1-тарау10 AEK 24 050 теңге
Көлік құралдарын тротуарда тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу, сондай-ақ көлік құралдарын гүлзарларда, балалар немесе спорт алаңдарында тоқтату немесе тоқтап тұру597-бап, 2-тарау15 AEK 36 075 теңге
Басқа көлік құралдарының жол жүрісіне кедергі келтіруге әкеп соққан, көлік құралдарын жолдың жүру бөлігінде тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу597-бап, 3-тарау20 AEK 48 100 теңге
Мүгедектердің көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру үшін бөлінген жерлерде көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу597-бап, 4-тарау50 АЕК 120 250 теңге

Ішкі істер (полиция), көліктік бақылау органдары қызметкерінің талаптарын орындамау

Ішкі істер (полиция), әскери полиция органдары қызметкерінің көлiк құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамау613-бап, 1-тарау1 жылға жүргізуші куәлігінен айыру
Ішкі істер (полиция), әскери полиция органдары қызметкерінің белгіленген тәртіпке сәйкес алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамау613-бап, 4-тарау2 жылға жүргізуші куәлігінен айыру

Жол-көлік оқиғасы және апатты жағдай

Жол жүрiсiне қатысушының авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан, яғни жол жүрiсiне басқа да қатысушыларды жүру жылдамдығын, бағытын күрт өзгертуге мәжбүр етiп, жол жүрiсi қағидаларын бұзуы606-бап, 1-тарау10 AEK 24 050 теңге
Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы610-бап, 1-тарау10 AEK немесе жүргізуші куәлігінен 9 айға айыру 24 050 теңге
Жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зиян келтiруге әкеп соққан дәл сол әрекет613-бап, 2-тарау15 АЕК +1 жылға жүргізуші куәлігінен айыру 36 075 теңге
Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, көлiк құралдарын басқару құқығы жоқ адам жасаған әрекеттер610-бап, 3-тарау20 АЕК 48 100 теңге

Ішімдік ішу

Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру608-бап, 1-тарау3 жылға жүргізуші куәлігінен айыру
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан әрекеттер608-бап, 2-тарау4 жылға жүргізуші куәлігінен айыру
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ зиян келтіруге немесе көлік құралдарын, жүктерді, жол құрылыстары мен өзге де құрылыстарды не өзге мүлікті бүлдіруге әкеп соққан әрекеттер608-бап, 3-тарау5 жылға жүргізуші куәлігінен айыру
Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамдар жасаған әрекеттер608-бап, 6-тарау20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу
Осы баптың алтыншы және жетінші бөліктерінде көзделген, осы Кодекстің 50-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік қамаққа алу қолданылмайтын адамдар жасаған әрекеттер608-бап, 8-тарау200 AEK 481 000 теңге

Жалпы міндеттер

Өзімен бірге жүргiзушi куәлiгi немесе жүргiзушi куәлiгiнiң орнына берiлген басқару құқығына уақытша куәлiгі болмаған жағдайда612-бап, 1-тарау5 AEK 12 025 теңге
Мiндеттi сақтандыру жөнiндегi және (немесе) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жөнiндегi сақтандыру полисi, көлік құралына тіркеу және заңнамада белгiленген өзге де құжаттары жоқ болған жағдайда612-бап, 1-тарау5 AEK 12 025 теңге
Мiндеттi сақтандыру шартын жасасудан жалтаруы230-бап, 2-тарау20 АЕК 48 100 теңге
Көлiк құралын басқару құқығы жоқ адамның оны (жүргiзіп-үйренуден басқа) басқаруы, сол сияқты тиiстi санаттағы көлiктi басқару құқығы жоқ жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы612-бап, 2-тарау15 АЕК 36 075 теңге
Көлiк құралын басқару құқығынан айрылған жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы612-бап, 2-тарау10 АЕК 24 050 теңег

Экплуатация ережелері

Мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлiк құралын басқару509-бап, 9-тарау5 АЕК 12 025 теңге
Жеке тұлғалардың шығарындыларда ластаушы заттардың болуы, сондай-ақ олардың жұмыс iстеуi кезiнде шығатын шудың деңгейi белгiленген нормативтерден асып кететін автомотокөлiктердi және басқа да жылжымалы құралдар мен қондырғыларды пайдалануы334-бап, 1-тарау2 АЕК 4 810 теңге
Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) оқылмайтын немесе стандарт талаптары бұзыла отырып орнатылған, тiркелген көлiк құралын басқару.590-бап, 1-тарау5 АЕК 12 025 теңге
 Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiк құралын басқару590-бап, 2-тарау10 АЕК 24 050 теңге
Көлiк құралына көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн (белгiсiн) орнату590-бап, 3-тарау15 АЕК 36 075 теңге
Көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару590-бап, 4-тарау20 АЕК, яғни48 100 теңге немесе  1 жылға жүргізуші куәлігінен айыру
Осы баптың алтыншы бөлiгiнде көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларына сай келмейтiн көлiк құралдарын басқару590-бап, 5-тарау5 АЕК 12 025 теңге
Тежегiш жүйесiнiң, басқару рулінің, тартқыш-тіркеме құрылғысының ақауы бар көлiк құралдарын басқару590-бап, 6-тарау15 АЕК 36 075 теңге
Тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқару590-бап, 7-тарау15 АЕК 36 075 теңге
Көлiк құралының алдыңғы бөлiгiне қызыл түстi жарығы бар жарық аспаптарын немесе қызыл түстi жарық қайтаратын бейімдеме құрылғыларды, сол сияқты түсi мен жұмыс режимi көлiк құралдарын пайдалануға жiберудiң талаптарына сәйкес келмейтiн жарық аспаптарын орнату603-бап, 1-тарау15 АЕК 36 075 теңге
Арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды (күзет сигналын беруді қоспағанда) көлiк құралына тиiстi рұқсатсыз орнату603-бап, 2-тарау25 АЕК 60 125 теңге
Көлiк құралының сыртқы жағына жедел және арнайы қызметтер автомобильдерiнiң арнайы түстi-графикалық схемаларын заңсыз жазу603-бап, 3-тарау25 АЕК 60 125  теңге

Өзге де құқық бұзушылықтар

Маршруттық көлiк құралдарын тоқтату, тұрғын аймақтарда жүру, жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдiктерiмен жабдықталған көлiк құралдарымен жүру кезiнде қауiпсiздiк белдіктерiн, мотоциклдердi басқару және олармен жолаушыларды тасымалдау кезiнде мотошлемдердi пайдалану, көлiк құралдарын сүйрету, тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде немесе анық көрiнбейтiн кезде жарық беретiн аспаптарды пайдалану қағидаларын сақтамау593-бап, 1-тарау5 АЕК 12 025 теңге
Басқа баптарда көзделген жағдайларды қоспағанда, жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау601-бап, 1-тарау3 АЕК 7215 теңге
Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жүргiзiп үйренудi өткiзу, сыртқы жарық түсiру аспаптарын және (немесе) дыбыс сигналдарын пайдалану, авариялық сигнал беру мен авариялық тоқтау белгiсiн қолдану қағидаларын бұзуы602-бап, 1-тарау5 АЕК 12 025 теңге
Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы591-бап, 1-тарау5 АЕК 12 025 теңге

Жаяу жүргіншілердің және басқа да қозғалысқа қатысушылардың құқық бұзуы

Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың ҚP жол жүрісі туралы заңнамасында белгiленген талаптарды орындамауы615-бап, 1-тарау5 АЕК 12 025 теңге
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жәбiрленушiнiң денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ зиян келтiруге әкеп соққан не материалдық залал келтiрген әрекет615-бап, 2-тарау10 АЕК 24 050 теңге
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекет615-бап, 3-тарау15 АЕК 

36 075 теңге

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Ақындардың шығармашылық кештері жаңа форматта өтпек
    20/10 02:10 0 149
    2
    «Мұзбалақты» көрдің бе?
    19/10 18:04 0 664
    3
    Қызыңыз үйде ме, әлде табыс табам деп кафе жағалап жүр ме?
    19/10 17:44 0 1251
    Қазақстандық YouTube-та казино мен брендті жарнамалауға тыйым салынған
    19/10 17:29 0 311
    Хабибтің әкесі Макгрегорды Дағыстанға қонаққа шақырды
    19/10 17:20 0 1482

    Таныстырылғандар

    Ресей қазақстандық тауарларға шектеу қойып жатыр
    Ресей қазақстандық тауарларға шектеу қойып жатыр
    Ресей қазақстандық тауарларға шектеу қойып жатыр
    Ресей ветеринарлық және фитосанитариялық бақылау қызметінің мәлімдеуінше, әлгі өнімдер Ресей мен Еуразия экономикалық одағының
    29/09/2018 11:58 0 3449
    Нұрсұлтан Назарбаев: Шымкент ірі мегаполиске айналады
    Нұрсұлтан Назарбаев: Шымкент ірі мегаполиске айналады
    Нұрсұлтан Назарбаев: Шымкент ірі мегаполиске айналады
    Мемлекет басшысы Халыққа қызмет көрсету орталығы, Жұмыспен қамту орталығы, Көші-қон қызметі және Азаматтардың хал актілерін жазу бөлімі...
    29/09/2018 14:51 0 2076
    БҚО-да ірі жол апатынан бір адам көз жұмды
    БҚО-да ірі жол апатынан бір адам көз жұмды
    БҚО-да ірі жол апатынан бір адам көз жұмды
    Батыс Қазақстан облысында жеңіл авотокөлік пен автобус түйісіп, салдарынан бір адам көз жұмды
    30/09/2018 10:06 0 3762
    Тарихшыларға ұшық
    Тарихшыларға ұшық
    Тарихшыларға ұшық
    Сонау бұрын Қазақтың шаруасын, ұлттық сипатын,ұлт болып қалыптасқан мәдиниетін, ұлт ықпалын білдіретін әкімдігін бөгде ақылмандар қанық білген бе?
    01/10/2018 17:24 0 3011
    Астанада халық саны өсіп келеді
    Астанада халық саны өсіп келеді
    Астанада халық саны өсіп келеді
    Үш ауысымды мектептердің пайда болуы ол демографиялық және көші-қон мәселесіне байланысты.
    02/10/2018 15:23 0 1829
    Жолдау: "Жерді дұрыс пайдаланатын адамға беріңдер!"
    Жолдау: "Жерді дұрыс пайдаланатын адамға беріңдер!"
    Жолдау: "Жерді дұрыс пайдаланатын адамға беріңдер!"
    Елбасы 2019 жылы мемлекеттік қызметтің 80 пайызы, ал 2020 жылы 90 пайызы электрондық форматқа өтуі тиіс екенін тапсырды.
    05/10/2018 14:11 0 1538
    Қазақ тілін үйретудің тың тәсілдері таныстырылды
    Қазақ тілін үйретудің тың тәсілдері таныстырылды
    Қазақ тілін үйретудің тың тәсілдері таныстырылды
    Шара соңында семинар қатысушыларына ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің сертификаттары табысталды.
    05/10/2018 17:25 0 1696
    Опера жұлдызы Монсеррат Кабалье қайтыс болды
    Опера жұлдызы Монсеррат Кабалье қайтыс болды
    Опера жұлдызы Монсеррат Кабалье қайтыс болды
    Жерлеу рәсімі дүйсенбі күні өтеді деп жоспарлануда.
    06/10/2018 17:27 0 1414
    Алматыдан 760 шақырым қашықта жер сілкінді
    Алматыдан 760 шақырым қашықта жер сілкінді
    Алматыдан 760 шақырым қашықта жер сілкінді
    Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ
    07/10/2018 10:05 0 1053
    Храпуновтар ұзақ мерзімге сотталды
    Храпуновтар ұзақ мерзімге сотталды
    Храпуновтар ұзақ мерзімге сотталды
    Экс-әкім жазасын Алматыдағы қауіпсіздігі қатаң қылмыстық-атқару мекемесінде өтейтін болады.
    08/10/2018 16:16 0 1473
    Астанада полиция жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кетті
    Астанада полиция жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кетті
    Астанада полиция жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кетті
    Министрлік мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы және 347-бабы бойынша жүргізіліп жатыр.
    09/10/2018 18:56 0 1393
    Жедел жәрдем жүргізушісі өзін соққыға жыққан Түркия азаматын кешірді
    Жедел жәрдем жүргізушісі өзін соққыға жыққан Түркия азаматын кешірді
    Жедел жәрдем жүргізушісі өзін соққыға жыққан Түркия азаматын кешірді
    Николай Кучманың Түркия азаматын кешіргенін естіген желі қолданушыларының көбі «істі соңына дейін жеткізу керек» деп пікір білдірген.
    12/10/2018 15:13 0 1707
    Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
    Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
    Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
    Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болып, жауын-шашын күтіледі, тек республиканың оңтүстік-батысында жаңбыр жаумайды
    14/10/2018 10:09 0 725
    Қыркүйекте қазақстандықтардың орташа жалақысы 160 мың теңгеден асқан
    Қыркүйекте қазақстандықтардың орташа жалақысы 160 мың теңгеден асқан
    Қыркүйекте қазақстандықтардың орташа жалақысы 160 мың теңгеден асқан
    ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті  қазақстандықтардың қыркүйектегі орташа жалақысын атады
    14/10/2018 15:22 0 956
    Қазақстандық кәсіпкерлер Санкт-Петербургте өтетін сауда миссиясына қатыспақ
    Қазақстандық кәсіпкерлер Санкт-Петербургте өтетін сауда миссиясына қатыспақ
    Қазақстандық кәсіпкерлер Санкт-Петербургте өтетін сауда миссиясына қатыспақ
    Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы отандық тауар өндірушілерді 2018 жылғы 13-14 қараша аралығында Санкт-Петербург қаласында өтетін...
    18/10/2018 18:28 0 298