• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:15:47
Алматы
+35°

08 Қаңтар, 2019 Оқиғалар

Жол апатынан қаза болған Бақытнұрдың қай банктен несие алғаны белгілі болды

Үш адамның ажал құшуына себепкер болған күдікті Кар Ильястың Гелендвагенін туысқандары «Тас кредитке» ұсынып, ақша алмақшы болғандары белгілі болды.

29 желтоқсан күні таксилетіп жүріп о дүниелік болған Бақытнұр Құнапияұлы сұраусыз кетпесе екен деп жазған болатынбыз. Жалғыз анасы мен бауырлары Қытай асып, марқұмның жетісіне қатыса алмай, бір уыс топырақ тастай алмағанын да тілге тиек еттік. Бауырындай болып кеткен досы Қанаттың аузынан марқұмның басында бір емес, бірнеше несие бар екендігін естіп қалдық. Достарының "жиналып, несиесін жауып бермекпіз" деген ниеттеріне риза болдық. "Алайда марқұм қандай банктен несие алды, қайтыс болған адамның қарызы кешіріле ме?" деген сұрақтардың жауабын алғымыз келді.

Бақытнұр

Белгілі болғанындай, Бақытнұр Құнапияұлы Каспи банктен несие рәсімдеген. Әзірге қай жылы, жалпы қандай сома алғандығы белгісіз. Қалған соманың мөлшері – 1 022 962 теңге, қарызды бірден жапқан жағдайдағы сома мөлшері – 894 673 теңге. Марқұм қаңтардың 25-не дейін 40 610 теңге төлем жасауы шарт болған.

Бақытнұр

Бақытнұр

Ұзынағаштағы жиендерінің айтуынша, бұл екінші несиесі. Сонымен қатар марқұм Бақытнұрдың «Нұрбанктен» алған несиесі тағы бар. Алайда бұл ақпараттың рас-өтіріне көз жеткізе алмадық. Банк ресми хатты талап еткендіктен, дәл қазір оқырманға нақты цифрларды ұсына алмаймыз.

Туған нағашысы Ғанидің сөзін негізге алсақ, жалпы 1,5 миллиондай берешегі болуы керек. Марқұм келер жазда бір басын екеу етіп, үй салмақшы болған екен. Алайда ол арманына қол жеткізе алған жоқ.

Каспибанкке де қоңырау шалдық. Олар да әзірге үнсіз. «Қамшы» заңгер Қайрат Жүкелден аталмыш жағдай бойынша кеңес алды.

-«6 ай көлемінде марқұмның мұрагері анықталады. Туған анасы не туған аға-інісі болса, «мұрагер атану» туралы арыз жаза алады. Бұл жағдайда ол марқұмның мүлкіне ие болады. Сонымен қатар қарызын да төлеуге міндеттеледі. Толық соманы пайызбен, не пайызсыз төлейтінін банк өзі шешеді», -  деп түсіндірді Қайрат Жүкел.

Марқұмның қырқына да аз уақыт қалды. Жетісін, қырқын өткізуді өз мойнына алған нағашысы Ғани "Қытайда тұратын марқұм Бақытнұрдың анасы баласының қырқына үлгеріп келсе екен" деп уайымдап отыр. Жаңа жыл, Рождество мерекелеріне байланысты ҚР СІМ Қытай тарапына Бақытнұр Құнапияұлының қайтыс болуына байланысты туысқандарын Қазақстанға шақырып, анықтама қағазын жібермепті. Осы бір мәселенің тезірек шешімін табуын марқұмның туысқандары тілеп отырған жайы бар. «Қамшы» ақпарат агенттігі өз кезегінде министрлікке де хабарласып, мән-жайды анықтауды міндет етіп алды.

Сонымен қоса, үш адамның ажал құшуына себепкер болған күдікті Кар Ильястың "Гелендваген" көлігін туысқандары «Тас кредитке» ұсынып, ақша алмақшы болғаны белгілі болды. Алайда машина мүлдем жарамсыз болып қалғандықтан мекеме ұсынысты мақұлдамаған.

♦Марқұм туралы естелік: Үйлі боламын деп таксилетіп жүруші еді

♦"Бала-шағасы үшін таксист болып жүрген бейшара жүргізушінің жанұясын мұнда ұмыт қалдырған"

 

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір