• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 16:21:22
Алматы
+35°

04 Мамыр, 2017 Әлеумет

Жоғары лауазымнан әкесі үшін бас тартқан Өскемен әкіміне халық сүйсінді

Өскемен облысы орталығының әкімі Ерлан Аймұқашев лауазымынан бас тартатыны жөнінде мәлімдеді, деп хабарлайды

Өскемен облысы орталығының әкімі Ерлан Аймұқашев лауазымынан бас тартатыны жөнінде мәлімдеді, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Өскемен жаңалықтарына сілтеме жасап.

Облыс орталығы басшысының мұндай шешім қабылдауына отбасылық жағдайы әсер еткен. Ерлан Аймұқашевтің әкесі науқастанып қалғандықтан ұлы үлкен жауапкершілікті жұмыстан бас тартып, уақытын әкесінің жанында өткізуге бел байлады. Өскемен тұрғындары оның жағдайын түсініп, қолдау көрсетеріне әкім сенімді.

Облыс орталығының басшысы қабылдаған шешім Президент әкімшілігінде қаралуда. Қала әкімінің міндеттері уақытша Арман Ысқақовқа жүктелді.

Ерлан Қапарұлы Аймұқашев 1970 жылдың 18 наурызында Павлодарда дүниеге келген.

2002-2003 жылдары Павлодар облысы әкімінің көмекшісі қызметін атқарды.

2003-2007 жылдары ҚР Премьер-министрінің көмекшісі болды.

Ал 2016 жылдың 20 сәуірінде Өскемен қаласының әкімі болып сайланды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір