• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 10:30:11
Алматы
+35°

15 Маусым, 2017 Әлеумет

Жыртқыш аңдармен өмір сүрген балалардың жабайы әлемі суреттер сериясында (ФОТО)

«Жабайы балалар» фотограф Джулии Фуллертон-Баттеннің соңғы, әрі сәтті жобасы. Ерекшелігі, суреттен жабайы әлемде өмір сүретін балаларды көре аламыз.

«Жабайы балалар» фотограф Джулии Фуллертон-Баттеннің соңғы, әрі сәтті жобасы. Ерекшелігі, суреттен жабайы әлемде өмір сүретін балаларды көре аламыз.

Атақты фотограф «Жасөспірімдер тарихы» суреттер сериясынан кейін әлемге танылған. Ал кезекті суреттер сериясынан адамдардан аулақ мекенде өмір сүріп жатқан қыздардың өмірі бейнеленген.

Жабайы балаларды іздеуіне «Есімі жоқ қыз» кітабы әсер еткен. Сөйтіп, бірден бірнеше оқиғаға тап болды. Олардың кейбірі адасып кеткендер, кейбірін жануралар ұрлаған, енді кейбірі назардан тыс қалған балалар.

Қасқырлармен өмір сүретін қыз, Мексика

1845 жылы Мексиканың орманды алқабынан адамдар қасқырлардың үйірінде төрт аяқтап жүгіріп жүрген қызды байқаған.

1 жылдан кейін әлгі қыз орманда әлі жүрген көрінеді. Ол кезде ешкіні тірідей азық етіп отырғанын көрген. Қыз жайлы естіген адамдар орманға жиі баратын болған. Оны сезген жабайы қыз орманның түбіне қашып кетеді, содан бері адам баласының көзіне түспепті.

Камала мен Амала , Үндістан, 1920 жыл.

1920 жылы үңгірден 8 және 12 жастағы қыздар табылған. Қыздар өзге адамдар секілді емес еді, төрт аяқтап жүгіретін.

Көрген адамдар оларды қалаға алып келеді. Алайда қыздар төсекке жатудан бас тартып, үстіндегі киімдерін жыртып, шикі еттен басқа тамақты жемеген. Ал түнде қасқырлар секілді улыған көрінеді.

Қыздар адамдармен тіл табысудан бас тартты. Сондай-ақ олардың көру және есту мүшелері өте жақсы дамыған.

Қзыдардың үлкені Амала 1 жылдан соң қайтыс болады, ал Камала аздап қалыпқа келіп қалған. Бірақ 17 жасында бүйрек жетіспеушілігінен қаза тапты.

Мадина, Ресей, 2013 жыл

Мадина – есін танығалы иттермен өмір сүретін қыз бала. Иттер жеген тамақты жеп, солармен ойнап, жандарында ұйықтап жүрді. 2013 жылы оны әлеуметтік қызметкерлер тауып алады, қыз аш еді, төрт аяқтап жүгіретін, иттер секілді қыңсылайтын.

Мадиананың әкесі отбасын тастап кеткен, ал анасы ішімдікке әуес болғандықтан қызына көңіл аудармаған. Тіпті анасының жанында жүріп-ақ Мадина иттермен бірге тамақтанатын, себебі анасы оған назар аудармаған.

Қызбен өзге балалар да ойнағысы келмейтін, жандарына жолатпайтын. Оның жалғыз досы иттер болды.

Дәрігерлер Мадинаның дені сау деген ұйғарымға келеді. Өмірінің қалыпқа келуі үшін мүмкіндіктің көп екенін айтқан.

Оксана Малая, Украина, 1991

Оксана 1991 жылы иткүркеден табылған. 6 жыл бойы иттермен өмір сүріген қыздың жасы ол кезде 8-де еді. Ата-анасы ішімдікке әуес болғандықтан, қыздары назардан тыс далалда қалды. Жылу іздеген 2 жасар бүлдіршін аулада жасырынған иттердің ұясынан бірақ шықты.

Оны тапқан күні қыз адамнан гөрі итке көбірек ұқсаған. Төрт аяқтап жүргіріп, жерде кездескен әр дүниені иіскеп, тістерін үйкелетіп, қыңсылайтын. «Иә» және «жоқ» деген екі сөзді ғана білді.

Қарқынды терапияның көмегімен қыз өз қалпына қайта келді. Бүгінде жасы 25-тен асқан Оксана Одессадағы емдеу мекемесінде тұрады. Сондай-ақ үй жануарларына қамқорлық танытатын көрінеді.

Шолшуы: Сабина Рамазан 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір