• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 13:45:23
Алматы
+35°

07 Желтоқсан, 2018 Аймақтар

Келер жылы Алматыда 8 мектептің құрылысы басталады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мәлімдеді.

«Интенсивті миграцияға және қалаға қосылған елді мекендерге байланысты бала саны күн санап арта түсуде. Соңғы үш жыл ішінде оқушылардың саны 40 мыңға өсті. Бұл әрине, орын санының жетіспеуіне әкеледі. Тек биылдың өзінде бізде 15 мың оқушы орны жетіспейді. Бюджеттік қаржы есебінен соңғы жылдары қалада 7 мың орынды мектеп салынды. Жыл аяғына дейін Алатау ауданында 600 орынды мектеп құрылысы бітеді. Жеке инвесторлар есебінен мектептер салынуда, олардың қатарында «Сәби» Қоры, Гэтэуэй компаниясы, Роял Констракт БВ бар», - деді қала әкімі.

Қазіргі уақытта 3 мың орынды халықаралық «САБИС» мектебінінің жобалық-сметалық құжаттары жасалуда.

Сонымен қатар, Алматыда бос жер телімдерінің болмауы жаңа мектептер салуға кері әсер ететіндігін де атап өтті.

«3 жастан 6 жасқа дейінгі 20 мыңнан астам балдырғандар балабақшаға кезекте тұр. Бұл мәселені шешу үшін соңғы төрт жылда 3 мың орынды 23 мемлекеттік, 17 мың орынды коттедждерде орналасқан 500 жеке бала бақшалар ашылды. Жеке бала бақшаларды ынталандыру барысында мемлекет 26 миллиард теңге бюджеттік қаржыны үнемдеді. Осынау ауқымды үнемдеу біздің дұрыс жолда екенімізді көрсетеді. Сонымен қатар, жақын арада тағы да 3 мың орынды 13 мемлекеттік бала бақша іске қосылатын болады»,- деп балабақша тапшылығы мәселесіне де тоқталып өтті.

Мемлекеттік-жеке әріптестік механизмін тиімді пайдалана отырып, бұл іске бизнесті де кеңінен тартуда. Соңғы үш жыл ішінде қала құрылысы кеңесінде инвесторлар есебінен 9 мың орынды 70-тен астам бала бақша салу жөнінде шешім қабылданған. Сондай-ақ, «Базис-А» компаниясы жеке қаржысы есебінен балалар тығыз орналасқан үш мектепке қосымша оқу корпустарын салып бермек.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір