• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 09:21:39
+35°

19 Наурыз, 2019 Әлеумет

Жыл сайын 6 мың көп балалы отбасы пәтермен қамтамасыз етіледі

Бүгінгі таңда 25 млрд теңгенің құрылыс жобалар тізімі жасалды

Биыл жыл басынан бері (қаңтар-ақпан) барлық қаржы көздері есебінен 1,7 млн шаршыметр тұрғын үй немесе 15 мың баспана пайдалануға берілді. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр мәлім етті.

 Министрдің  айтуынша, сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылысы үшін өңірлерге республикалық бюджеттен 32,8 млрд теңге қарастырылған. Шамамен 4,5 мың пәтердің құрылысы жоспарлануда (230,1 мың шаршы метр).

–Мемлекет басшысының «Нұр Отан» партиясының XVІІІ съездінде берген тапсырмаларын іске асыру үшін 2019 жылға бюджетті айқындау аясында көп балалы отбасылар үшін жалдамалы тұрғын үйдің құрылысына және сатып алуға өіңірлерге 50 млрд теңге бөлу қарастырылған. Жалпы аталған іс-шараға 7 жыл ішінде 350 млрд теңге бөлінеді. Бұл жыл сайын 6 мың көп балалы отбасыны пәтермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Яғни, 7 жылда 40 мыңнан астам пәтер беріледі деген сөз, – деп атап өтті министр.

Бүгінгі таңда 25 млрд теңгенің құрылыс жобалар тізімі жасалды. Дайын пәтерлерді сатып алу үшін 25 млрд теңге қарастырылып отыр.. Бұл көпбалалы отбасылардың тұрғын үй мәселелерін шешуді тездетуге ықпал етеді.

–Мысалы, Түркістан облысында 4 832 көпбалалы отбасы кезекте тұр. Осыған байланысты өңірге пропорционалды 8,6 млрд теңге бөлінуде. Бұл қаражаттан 4,3 млрд  теңге құрылысқа, қалған 4,3 млрд теңге дайын пәтер сатып алуға беріледі. Солтүстік Қазақстан облысындағы 342 отбасыға берілетін лимит 700 миллион теңгені құрайды, - деді Роман Скляр.

Ұсынған: Еркін Қалдан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір