• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:38:55
Алматы
+35°

11 Қыркүйек, 2018 Әлем

Жыл аяғына дейін тағы 600 мың бала ажал құшады - БҰҰ

Әсіресе аштық деңгейі Африка мен Оңтүстік Американы жайлады, Африканы түгелдей дерлік жайлапты.

Әлемді аштық жайлап барады. Үшінші жыл қатарына аштық деңгейі өсіп келеді. Бұл туралы БҰҰ хабарлады.

Дереккөзге сенсек, бүгінде тоғыз адамның біреуі аш отыр. 2017 жылғы статистикаға сәйкес 821 миллион адам аштықтың құрбанына айналды. Әсіресе аштық деңгейі Африка мен Оңтүстік Американы жайлады, Африканы түгелдей дерлік жайлапты.

Бұған қоса 672 миллион адам семіздікке ұшыраған екен. 2014 жылы семіздікпен аурып жүргендердің саны 600 миллион болған.

Save the Children халықаралық ұйымының дерегіне сүйенсек, 2018 жылдың аяғына дейін соғыс аймақтарында тағы 600 мың бала ажал құшады.

Сарапшылардың пікірінше, аштықтың деңгейін төмендету үшін кедейлікпен күресу керек дейді. Ол үшін инвестициялар дамытып, экономиканың деңгейін арттыру керек дейді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір