• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 17:55:34
Алматы
+35°

20 Сәуір, 2017 Оқиғалар

Жігіттің көзіне түсемін деп Microsoft-тың көзіне түскен бойжеткен елге танылды

Американдық студент қыз Лиззи Фентон  Картер есімді жігітке ұнау мақсатында өзі туралы  Power Point-та презентация жасаған. Алайда сүйіктісі мұндай...

Американдық студент қыз Лиззи Фентон  Картер есімді жігітке ұнау мақсатында өзі туралы  Power Point-та презентация жасаған. Алайда сүйіктісі мұндай еңбекті аса бағалай қоймаған. Десе де, қыздың идеясы  мен креативтілігі жігітке ұнамаса да Microsoft компаниясының көңілінен шыққан.

Бұл туралы Қамшы АА The Independent-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Менімен не үшін кездесуің керек» деген сұраққа жауап берген бірінші слайдында Фентон былай деп жазған екен:

«Егер сенің отбасың  жақсы қыз іздеп таппайсың ба деген сұрақтармен сені мазаласа, "мен" сол позицияға ең үздік кандидатпын».

«Мен тамаша әңгімелесушімін. Кез-келген адаммен тез тіл табысып кете аламын. Сенің ата-анаңмен де жақсы тіл табысатыныма сенімдімін. Менің киіну стилім де тамаша. Кез-келген мейрамда сымбатты болып жүретініме күмәнданбасаң болады »-дейді Лиззи.

Лиззи Фентонның тағы бір ерекшелігі - ол сүйіктісінің полигамиясымен  де (көп некелілік) күресуге дайын. Әрине тек өзіндік ерекше әдістермен. Мысалы, "түрлі шаш үлгілерін жасап үш түрлі қыз кейпіне ауыса аламын" дейді бойжеткен.

Твиттер желісіндегі бұл жазбасын Лиззи наурыздың соңында жариялаған. Осы қысқа уақыт аралығында аталған жазбасы арқасында танымал болып кеткен. Қыздың сөзіне қарағанда Картер оған: «Өте тартымды. Бұдан былай мені мазаламашы» деп жауап жазған.

Сүйіктісі бағаламаса да Microsoft   компаниясының SMM-мамандары қыздың креативтілігін бағалаған. Твиттер –аккаунтын жүргізетін қызметкер қызға былай деп пікір қалдырған:

«Сен  өзің жайлы тағы бір маңызды нәрсені айтпапсың:

« Power Point-пен презентацияны керемет жасайтыныңды» деп жазады Твиттер желісі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір