• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 07:40:36
Алматы
+35°

09 Тамыз, 2018 Аймақтар

Жезқазғанда «Сарыарқа» газетінің 45 жылдық мерейтойы тойланды

Еңбек еткен қызметкерлерінің кеудесіне «Сарыарқа» («Жезқазған туы») газетіне 45 жыл» мерейтойлық медалін тақты.

Жезқазған аймағы «Сарыарқа» газетінің 45 жылдығына орай мерейтойды жоғары деңгейде атап өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Ұйымдастырылған салтанатты шарада Арқа журналистикасының ардагерлері мен аға қаламгерлер «Сарыарқа» («Жезқазған туы») газетіне 45 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды. Мерейтой қарсаңында Жезқазған аймақтық «Сарыарқа» газеті жаңа ғимаратқа ие болды. 6 тамызда газеттің жаңа кеңсесінің салтанатты ашылуы өткен еді. Ардагер қаламгерлер мен газет қызметкерлерін жаңа ғимараттың ашылуымен қала әкімі Қайрат Бегімов, ардагер журналист Қасым Орынбетов, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, ақын, «Жұлдыз» журналының бас редакторы Ғалым Жайлыбай құттықтады. Алматыға бұрынғы Жезқазған облыстық «Жезқазған туы» газетінен аттанған ақын Ғалым Жайлыбай газет мерейтойына жырдан шашу шашты.

Сары арқа газеті

Ал, мерейтойда республикаға танымал меценат, «Алтын жүрек» ұлттық сыйлығының иегері Бекзат Алтынбековтің демеушілігімен ұйымдастырылған салтанатты дастархан басында өңір журналистеріне лайықты құрмет көрсетілді.

Қала әкімінің орынбасары Зина Ақылбекова ардагер журналистер мен газеттің бұрынғы қызметкерлерінің кеудесіне «Сарыарқа» («Жезқазған туы») газетіне 45 жыл» мерейтойлық медалін тақты. Медальдің әзірленуіне журналист Абдолла Дастанов жетекшілік ететін «Шындық» қоғамдық бірлестігі демеушілік жасаған.

Сары арқа газеті

Сары арқа газеті

Сондай-ақ, кеш қонақтарына газет мерейтойына орай шығарылған «АҚПАРАТ АЙДЫНЫНДА. «Сарыарқа» («Жезқазған туы») газетіне 45 жыл» естеліктер жинағының табыстылауы да мерекелік жиынның мазмұнын байытты.   

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір