• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 05:59:10
Алматы
+35°

06 Маусым, 2018 NEWS

Жезқазғанда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жандануда

Жезқазғанда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында балалар мен ересектерге арналған нейрооңалту орталықтары ашылды.

Жезқазғанда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында балалар мен ересектерге арналған нейрооңалту орталықтары ашылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Қалалық аурухана базасында ашылған балалар мен ересектерге арналған нейрооңалту орталықтары алғашқы келушілерді қабылдай бастады. Аталған орталықтардың жұмысымен Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Жезқазғанға жұмыс сапары барысында танысты.

Нейро

«Луч» нейооңалту орталығы 560 шаршы метр аумақта орналасқан, заманға сай медицина құралдарымен жабдықталған. Мұнда айына 50 науқас емделе алады. Орталықта механотерапия аймағы (буындарды шынықтыру, жүрісті, жүру негіздерін үйрену, тепе-теңдікті ұстау үшін ), емдеу-дене шықтыру аумағы бар, мұнда нұсқаушылармен жеке және топтық түрде машықтануға болады. Орталықта ересектер үшін жүйке жүйесі және нейрохирургия бағыттары бойынша оңалту курсынан өтеді.

Оңалту орталығы

Ал, орталық аурухана базасында ашылған балаларды нейрооңалту орталығы құрамына тәулік бойғы 38 орындық стационар кіреді, мұнда айына 76 науқасқа дейін қабылданады.

Жезқазғанға сапары барысында облыс әкімі Ерлан Қошанов сондай-ақ аурухана қалашығында болды. Бұл жерде медицина колледжінің оқу ғимараты, қалалық емхана, консультациялық-диагностикалық орталық, туберкулезге қарсы балалар шипажайы, ЖИТС орталығы орналасқан.

Кеңестік-диагностикалық орталық және жаңадан ашылатын медициналық колледж ғимаратында қазір жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Аурухана қалашығы аумағында балалар алаңы жасақталады, жаяу жүргіншілер жолы жөнделіп, аумақ түгелдей қоршалады. Жөндеу жұмыстары аясында келушілердің көліктері үшін автотұрақтар да қарастырылған.

Нейро

Бүгінде Жезқазғанда 419 орындық стационар жұмыс істейді, онда хирургиялық және терапевтік бағыттар бойынша мамандандырылған және кәсіби қызметтер жинақталған. Орталық аурухана Жезқазған, Сәтбаев қалалары, Ұлытау,Жаңаарқа аудандары мен Қаражал, Жәйрем тұрғындарына тәулік бойы қажетті шұғыл көмек көрсетеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір