• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 14:49:03
Алматы
+35°

03 Сәуір, 2018 NEWS

Жезқазғанда көп қабатты екі тұрғын үйдің құрылысы басталды

Жезқазған қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасымен екі көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды

Жезқазған қаласында көп қабатты екі тұрғын үйдің құрылысы басталды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жезқазған қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасымен екі көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды. Сәтбаев көшесінде салынғалы жатқан 4 қабатты, 36 пәтерлі үйдің құрылысына 307,6 миллион теңге қарастырылған. Оның 276,9 миллион теңгесі республикалық, 30,8 миллионы облыстық бюджеттен бөлініп отыр. Құрылыс аяқталған соң, аталған үй баспана кезегінде тұрған тұрғындарға арендалық баспана ретінде берілетін болады.

Жезқазған

Мемлекеттік бағдарламамен Гагарин көшесінде бой көтеретін келесі 5 қабатты, 30 пәтерлі үйдің құрылысына облыстық бюджеттен 274,4 миллион теңге бөлінген. Бұл үйді «Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі» салымшылары ала алады. Екі нысанда да құрылыс жүргізуші бас мердігер – «Астра Сервис плюс» ЖШС.

Жезқазған

-Бұл үйлердің құрылысына қаражат жеткілікті деңгейде бөлініп отыр. Бүгінде қажетті процедуралардың барлығы өз ретімен жүріп жатыр. Құрылысқа қажет мамандар жұмыспен қамту орталығында жұмыссыздар тізімінде тұрған азаматтар қатарынан алынатын болады. Ең бастысы құрылысты белгіленген мерзімде аяқтап, баспанаға мұқтаж тұрғындарға тапсыру, - дейді құрылыс алаңына барып, ондағы жұмыс барысымен танысқан Жезқазған қаласының әкімі Батырлан Ахметов.

Жоспар бойынша аталған үйлердің құрылысы биыл желтоқсан айында аяқталмақ.

Дархан Мұқанов

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір