• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:07:42
Алматы
+35°

04 Қаңтар, 2017 Әлеумет

Жетімдер үйінен шыққан көп балалы ана балаларын киіндіру үшін несие алған

Шымкентте тұратын көп балалы ана балаларын киіндіру үшін несие алған. Балалар үйінде тәрбиеленген 25 жасар  Жанерке Темірбаева жұмысқа шыққысы келген....

Шымкентте тұратын көп балалы ана балаларын киіндіру үшін несие алған. Балалар үйінде тәрбиеленген 25 жасар  Жанерке Темірбаева жұмысқа шыққысы келген. Сондықтан балаларына киім-кешек алып, бала күтуші жалдамақ болған. Сол үшін 400 мың теңге несие алды. Алайда жалдаған бала күтушісі оны тонап кеткен. Сондықтан пайдаланып үлгермеген несиесін ай сайын төлеуге мәжбүр.

Жанерке Темірбаева жас болса да көп балалы ана. Тамыз айында Жанерке балаларын балабақша мен мектепке дайындап, бала күтуші жалдап, жұмысқа шығу үшін банктен несие алған. Бала күтуші ретінде 19 жасар қызды жұмысқа алды. Бірнеше күннен кейін ол 400 мың теңгені алып қашып кеткен. Ұрланған ақшаны әлі күнге дейін қайтарып ала алмай келемін дейді жас ана.  

 

«Мен аудандық ішкі істер бөліміне шағым түсірдім. Істі бастауы үшін мені шақырып, қағаздарға қол қойғызды. Бала күтуші де келді. Ұрлаған ақшаны қайтаруға уәде берді. Маған берген барлық қағазға қол қойдым. Заңгерлік істе ештеңе түсінбеймін. Одан кейін прокуратурадан хабарласып мен оны кешіргенім жөнінде қағаздарға қол қойғанымды айтты. Тексерістен кейін, істі қайта бастады. Алайда  ешқандай нәтиже жоқ» дейді Жанерке.

 

Күн сайын банктен жалғыз басты анаға хабарласып несиені төлеуді талап етеді. Ай сайын 70 мың теңге төлеп тұру Жанеркеге өте қиын соғуда. Осы уақыт аралығында қарыздар жиналып, мемлекеттік бағдарлама бойынша алған үйдің пәтер ақысы мен коммуналдық қызметке төленетін ақша да келіп қалды. Ішімдікке жақын күйеуі қиындыққа шыдамай отбасын тастап кетіп қалған. Балаларға берілетін жәрдемақы 30 мың теңге және күйеуі балаларына алимент ретінде 6 мың теңге береді. Барлығы автоматты түрде несиені жабуға кетеді. Енді Жанерке балаларын тек су және нанмен тамақтандырып отыр. Май, қант, тіпті шайдың өзін тек мереке күндері ғана көреді. Үйде тоңазытқыш та жоқ. Барлық азық-түлік оңайшылықпен кішкентай шкафқа сиып кетеді. Осы қиыншылықтардың барлығынан қажыған Жанеркеге өзіне қол салу туралы да ойлар келген. Алайда балаларын ойлап, ондай қадамға бара алмаған.

«Жарық, газ, суды өшіріп, нанға ақша таба алмай қалған уақытта осы әлеммен барлық байланысты үзіп, өзіме қол салғым келді. Бірақ кейін ол ойым үшін қатты ұялдым. Мен балаларымды тамақтандырып, қолымнан келгенше киіндіруге тырысып жатырмын. Бір күні балам ауырып қалды. Дәрі сатып алу үшін көршіге ұнды сатуға тура келді. Енді балаларым қайта ауырып қалды. Маған көмек қажет» деп көзіне жас алды Жанерке.

 

 25жасар балалар үйінің түлегі Жанеркенін бес баласына басқа жақындары да, туыстары да жоқ.  Ең кішісі 4 айлық. Ал үлкені 7 жаста, есімі Нұрислам. Ол үй шаруасын жасап, мектепке барғанды жақсы көреді. Бірақ баланың қысқы киімі болмағандықтан, мектепке бара алмай отыр. Алайда Нұрисламның арманы жылы киімдер емес, пульті бар көлік.

«Мен үй тапсырмасын орындап болғаннан кейін анам оны тексереді. Мен пультпен жұмыс істейтін көлікті армандаймын. Мен де, достарым да онымен ойнаушы едік» дейді Нұрислам.

Тәжірбиесіздігі және сенгіштігінің кесірінен алданып, қиын жағдайға тап болған Шымкентте тұратын көп балалы ананы "Қамшы" порталы іздеп тауып, байланысқа түскен болатын. Жанерке даусы жарқын, ақкөңіл келіншек болып шықты. 5 баласы жан-жақтан шақырып, кішкентайы жылап жатса да біздің қоңырауымызға қуанып қалғанын жасырмады. Жанерке Темірбаеваның жағдайын өз аузынан естігі келетін, қандай көмек керектігін сұрағысы келетіндер 87024427823 нөміріне хабарласса болады. Ол әзірге банкте шот аша алмайды. Себебі ол жерге түскен қаржының барлығы автоматты түрде қарыз жабуға кетеді. Сондықтан көршісінің шотын беріп отыр. Өзінің айтуынша, кішкентайына бесік арба мен итарба қажет. 

 Банк Центр Кредит 

№ 4667208102767543

Nursultan Kalshorayev

ЖСН 911205300887

 

Автор: Ирина Абрамова

Дерек көз: liter.kz

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір