• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:27:25
Алматы
+35°

31 Мамыр, 2017 Әлеумет

Жетімдер үйіндегі сәбилердің неге жыламайтынын білген халық көз жасына ерік берді

Жас жұбайлар Дайна мен Мэтт Мейгер АҚШ-тың Мачиган штатының тұрғындары. Өткен жылы олар өздерінің қыздары Луэлланың дүниеге келуін асыға күтумен болған....

Жас жұбайлар Дайна мен Мэтт Мейгер АҚШ-тың Мачиган штатының тұрғындары. Өткен жылы олар өздерінің қыздары Луэлланың дүниеге келуін асыға күтумен болған. Әйелдің толғағы 18 сағатқа жалғасқан. Толғақ барысында ана мен баланың дене қызуы жоғарылап, тыныстары жиілей бастаған. Нәтижесінде Дайна 23 қазан күні сәбиін дүниеге әкелген.

Жас ана Дайна  Facebook парақшасында өзі естіген оқиғаны жазған болатын. Қамшы ақпараттық агенттігі  жүрекке әсер ететін оқиғаны  оқырманға ұсынады. 

"Алғаш шіркеуге  барған кезде шіркеу ішінде миссионер басынан өткерген оқиғасымен бөлісті. Тыңдап отырып жүрегің қақ айырылатын оқиғаны оқып ешкімнің елеусіз қалдырмайтыны анық. Әлгі миссионер Угандағы балалар үйінің бірінде болған екен. Ер адам 100 төсек орын қатар тізілген нәрестелердің бөлмесіне кірген. Барлығында дүние есігін жақын арада ашқан сәбилер жатыр. Алайда 100 сәбидің бір бөлмеде жатқанына қарамастан, шыбынның ызыңы естілетін тыныштыққа таң қалады. Балалардың күтушісінен бұл тыныштықтың мәнін сұраған миссионер біраз уақыт үнсіздікте тұрып қалған. 

Медбике миссионерге қарап: "Бұл сәбилер бідің орталыққа келген сәтте сағаттап тоқтаусыз жылаумен болады. Күн өтеді, артынша апта да келіп жетеді. Оларды ешкім келіп жұбатпайтынын білген соң жылауын тоқтатады" деп жауап берген екен.

Олар өздерін ешкімнің іздеп келмейтінін сезген сәттен бастап жылауын тоқтатады екен. 

Осы оқиғаны естіген сәтте жүрегім қан жылап, өз сәбиіме сөз бердім. Өзіме сөз бердім. 

Әрдайым жанынан табыламыз деп уәде еттім. Түнгі сағат 2 болсын сәбиімнің үнін естісем жанынан табылуға тырысамын. Ол өскенде де маңызды шешімді қабылдаймын деп қиналмайтын болады. Біз оның қос тірегіміз. Біз әрдайым жанында боламыз".

Шолушы: Айгерім Таубай

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір