• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 15:15:04
Алматы
+35°

16 Тамыз, 2017 Әдебиет

Жеті санына байланысты қандай ұғымдар бар?

Жеті қат көк, жеті ғалам, жеті ғашық, жеті мүше, жеті жұт, жеті амал, жеті қазына деп ата-бабамыз қоршаған ортаны сипаттап кеткен

Қазақ жеті санын қасиетті деп есептеген. Жеті қат көк, жеті ғалам, жеті ғашық, жеті мүше, жеті жұт, жеті амал, жеті қазына деп ата -бабамыз қоршаған ортаны, табиғат жаратылысын, пендеге қатысты құбылыстарды жік-жікке бөліп, əрқайсысына ат беріп, ен тағып кеткен. 
1. Жеті қат көкке жататындар: Ай, Меркурий, Шолпан, Күн, Қызыл Жұлдыз (Марс), Юпитер, Сатурн.
2. Жеті ғалам: күншығыс, күнбатыс, түстік, терістік, аспан -жоғары ғалам, Жер-орта ғалам, Жер асты -төменгі ғалам.
3. Жеті ғашық: Лəйлі-Мəжнүн, Жүсіп-Зылиха, Фархат -Шырын, Сейпіл-Мəлік- Жамал, Тахир-Зухра, Қозы Көрпеш -Баян Сұлу, Бозжігіт-Ануаз. 
4. Жеті мүше: бас, екі қол, екі аяқ, кеуде, іш.
5. Жеті жұт: зілзала,соғыс, өрт, сел, қуаңшылық, індет, ақ қар-көк мұз.
6. Жеті амал: күннің тоқырауы, қарашаның қайтуы, Үркердің батуы, мұздың қатуы, киіктің матауы, тоқсанның кіруі, Айдың тоғамы. 
7. Жеті қазына: жүйрік ат, қаққыш тазы, алғыр қыран, түзу мылтық, қара қазан, алмас кездік, шаңырақ. 

"Жеті қазына" кітабынан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір