Жеті атасын білетін жылқы...

Жеті атасын білетін жылқы...
ⒸTúrkistan

Жер жаралғалы желмен жарысқан жүйрік жылқылар мекендепті. Осыдан жеті мың жыл бұрын қазақтың арғы ата-бабалары жабайы жылқыны қолға үйретіпті. Сөйтіп, жер бетінде жылқының үстіне ең алғашқы болып қазақтар мінген екен. Олар ауыздық, өмілдірік, жүген, ер-тоқым, үзеңгі секілді ат әбзелдерін жасапты. Қазір біз киіп жүрген шалбарды да ең алғаш ойлап тапқан қазақтың ата-бабалары болыпты. Өйткені, ұзын шалбар кимесе, атқа отырғанда аяғына қажайды екен. Қазақтар өте текті, жауынгер халық болыпты. Сол себепті жылқылар біздің ата-бабаларымызға қызмет көрсеткенді жақсы көріпті.

Бір күні дүние жүзінде аттар көрмесі болып, ұлан-асыр той-думан болыпты. Ат шаптырым жиынға әр елдің адамдары өздерінің ең жақсы аттарымен келіпті. Олар жылқыларын желіге байлап, өздері сайық-сайран құрыпты. Аттар алдына қойған жем-шөпті жеп, су ішіпті. Тек қазақтың жылқысы ғана алдына әкелген шөпті жемей, арпаны ғана талғажау етіпті. Сөйтіп, әбден зеріккен аттар бір-бірімен танысып, әркім өзінің жақсы қасиеттерін айтып, мақтана бастапты.

-  Мен қысқа қашықтыққа жылдам шаба алатын жүйрікпін, - деп желпініпті сүліктей қара ағылшын жылқысы.

- Ал мен қыста шана, жазда арбаға жегуге таптырмас, күші мығым жылқымын,  - депті орыстың жирен жылқысы.

- Біз құм үстінде жүруге таптырмаймыз. Біздің тұқым әлемге әйгілі, - депті қараторы араб жылқысы. Осылайша, әр елдің жылқысы өзін ерекше қасиеттерін айтып, дауласыпты. Содан кейін әлем елдерінің жылқылары үндемей тұрған қазақ жылқысына қарап:

- Сен қай елден келдің? Неге үндемейсің? – деп сұрапты жылқылар.

- Мен – өзі момын, өзі ержүрек қазақ деген жылқысымын. Тарпаң деген атым бар. Қазақтарда үлкендер сөйлегенде жасы кішілер әдеп сақтап, тыныш отырады. Мен сіздерден жас болған соң үндемедім,  - дейді қазақ жылқысы.

- Қызық екен, - дейді орыс жылқысы. – Ал, алдында тұрған шөпті неге жемедің?

- Бұл шөптің үстін жабайы доңыз таптап, ластап кетіпті. Содан кейін бір талын да ауызға алмадым, - дейді. Сонда басқа жылқылар таң қалып, басын шайқап:

- Біз бағанадан бері өзіміздің ерекше қасиеттерімізді айттық. Ал сенде қандай қасиет бар? – деп сұрайды.

- Сіздер айтқан жылқының желмен жарысқан жүйрігі де, салт мініске арналғаны да, ер-азаматқа соғыста серік болған арынды аттың бойындағы бар қасиет біздің тұқымда бар.  Бәйгеге қосатын жүйріктерді – тұлпар, арғымақ, сәйгүлік, ал ауыр жүк артуға арналғаны  - қазанат, еті мен сүті үшін өсіретін жылқылар  жабы деп аталады.

Жер жүзінің әр түкпір-түкпірінен келген жылқылар қазақ жылқысының жас та болса ақылды екенін байқап:

- Сонда біздің бір-бірімізден қандай айырмашылығымыз бар? – дейді.

- Оны анықтау оп-оңай, -  дейді қазақ жылқысы. Әрине, бәріміздің түсімізге, күшімізге, бойымызға, дене-бітімімізге байланысты айырмашылық туғаннан бар. Мысалы, тау жылқылары тауда жақсы жүреді, ал шөлдің жылқылары құмның үстінде оңай жүреді. Бірақ адамдарды бір-бірінен ақыл, білім, мінез, қайрат арқылы үстем болатыны секілді, жылқыларда айырмашылық бар. Ол тектілік деп аталады.

- Тектілік деген не? – деп жылқылар шулап қоя береді.

- Тектілік деген  - жеті атаңды білу.

- Ал, жеті ата – деген не?

- Жеті атаны білу деген  - сенің өткен аталарының есімін, олардың тіршілік иелері үшін атқарған істерін білу, қан тазалығын сақтау.

- Тарпаң, сен жеті атаңды білесің бе? Білсең, бізге айтып берші, – деп қызыға сұрайды жылқылар.

- Әрине, білемін. Қазақтың жылқысының бәрі жеті атасын біледі, - дейді қазақ жылқысы. – Менің атам – Құлынбай, оның әкесі Ержабағы, оның әкесі - Тайжетпес, содан кейін  – Желқұнан,  бесінші атам – Сардөнен,  алтыншы атам – Нәнсәурік,  жетінші атам – Бестібек, сегізінші атам – Сақаайғыр, тоғызышы атам – Хастұлпар, - дей бергенде жылқылар шуылдап:

- Қой, жетеді, сен аталарыңның атын таң атқанша айтатын түрің бар ғой, - деп әрең тоқтатады.

- Сонда тектілік не үшін қажет? Бізге соны айтшы, - дейді әлемнің бес құрлығынан келген ақ, сары, жирен, көк, боз түсті жылқылар Тарпаңға қарап.

- Біз адамзат өркениетінен бері тектілікті сақтап келеміз. Қазақтар арғы ата-бабалары Арийлер, содан кейін Сақтар мен Ғұндар біздің сүтімізден – кәделі әрі киелі сусын қымыз дайындайды. Қымызы адамның бойына күш-қуат береді. Арийлер қос доғалақты арбаны ойлап тауып, менің арғы атам – Ұшқыр тұлпарларды қос қостан арбаға жегіп, сар далада сағымша жүйіткіген.

Бұл сөзге әр елдің жылқылары таң-тамаша қалып, шұрқырасып, басын шұлғи бастайды.

- Ой, сен қазақтардың тарихын жақсы білесің ғой, - дейді Эстон жылқысы.

- Қазақтармен бірге жүрген соң ата-бабамның тарихы да бір тарих болып кетті ғой. Сақтар Алтай мен Дунайға дейінгі аралықта кең байтақ аймақта үйір-үйір жылқы өсіріп, ат құлағында ойнауды өнер дәрежесіне көтерді. Сол үшін менің арғымақ-аталарым қазақтардың көзқарасынан-ақ не айтқысы келгенін, нені қалайтынын түсінген. Осының бәріне тектіліктің бұзылмауының арқасында қол жеткізіпті. Спорттық ойындарда қазақтар балаларын ептілікке, ержүректікке, мықтылыққа баулып, ұлттық өнерлері -  теңге алу, аударыспақ, көкпар тарту, аламан бәйге секілді ойындарда шыңдалып, мықты жауға төтеп берген. Бейбіт заманда арба мен шанаға жегілсек, жау келгенде қазақ батырларымен бірге арқырай алға ұмтылдық.

- Бұл деген керемет қой, - деп аузын ашып қалыпты ағылшын жылқысы.

- Бұл - қазақтардың тектілігін сақтап, жеті ата білуінің арқасы, - деді Монғолия жылқысы Керқұлан қостай жөнеліп.

- Иә, дұрыс айтады, - дейді Түрікпеннің Ақалтеке жылқысы. - Қазақтар аттың құлағында ойнайды. Қазақтардың арғы ата-бабалары мінген аттардың төбесіне лауазымдық белгі – жабы таққанын аталарым айтып отыратын, -  Ал, сен, Сильвиа, сен неше атаңды білесің?

- Мен әкем Роджер мен атам Кристиді ғана білемін, - деп басын салбыратады ағылшын жылқысы.

- Міне, сен арғы ата-бабаңды білмеген соң үйіріне білместіктен төртінші, бесінші атаңнан туыс болып келетін қарындасыңды үйіріне қосып аласың. Содан кейін тектілігің бұзылады. Біз қазақтар секілді жеті атамызды жатқа айып, тектілігімізді сақтаймыз, - дейді Тарпаң.

Қазақ жылқысының айтқан сөздеріне әлем жылқыларының бәрі ойланып, үндемей қалыпты.

Асхат Өмірбаев

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Сән индустриясының сұмдығы
    23/05 16:34 0 10
    2
    Тоқаев Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулетті қабылдады
    23/05 16:30 0 19
    3
    ҰҚК бұрынғы басшысы 25 жылға сотталды
    23/05 16:24 0 40
    Қуат Хамитов: Әзірбайжанда әділдік орнатамын (видео)
    23/05 16:03 0 236
    Samsung Алматыда жаңа QLED 8K кинотеатрын ашты
    23/05 15:57 0 68

    Таныстырылғандар

    Зеленскийге айқайлаған Ляшко Президенттен өзі сөз естіді
    Зеленскийге айқайлаған Ляшко Президенттен өзі сөз естіді
    Зеленскийге айқайлаған Ляшко Президенттен өзі сөз естіді
    Ал сізге адамдарды әлі күнге дейін төлқұжат пен тілге бөлетініңізге алғысымыз шексіз, Олег мырза!
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 15:43 0 2712
    Украинада есірткі заңдастырылмақ
    Украинада есірткі заңдастырылмақ
    Украинада есірткі заңдастырылмақ
    Владимир Зеленский елде марихуананы, жезөкшелік пен құмар ойын орталықтарын заңдастыру мәселесін көтерді
    Аудио тыңдау
    21/05/2019 03:03 0 596
    Әлібек Науаров Құлсарыдан Ақкиізтоғайға дейін 31 шақырымды қалай жүгіріп өтті?
    Әлібек Науаров Құлсарыдан Ақкиізтоғайға дейін 31 шақырымды қалай жүгіріп өтті?
    Әлібек Науаров Құлсарыдан Ақкиізтоғайға дейін 31 шақырымды қалай жүгіріп өтті?
    Жүгіру үшін дүйсенбіні я болмаса сәрсенбінің сәтін күтудің қажеті жоқ
    Аудио тыңдау
    21/05/2019 11:33 0 374
    Өлі күйінде табылған қыздың туыстары оның өз-өзіне қол жұмсағанына сенбей отыр
    Өлі күйінде табылған қыздың туыстары оның өз-өзіне қол жұмсағанына сенбей отыр
    Өлі күйінде табылған қыздың туыстары оның өз-өзіне қол жұмсағанына сенбей отыр
    Полиция «суицид» жасады деп болжаған қыз бауырларына үнемі бас-көз боп жүріпті. Олардың айтуынша, қалаға қатынап оқып жүрген студентке әлдебіреулер қиянат...
    Аудио тыңдау
    21/05/2019 12:37 0 364
    Жазда балалар қайда демалуы қажет?
    Жазда балалар қайда демалуы қажет?
    Жазда балалар қайда демалуы қажет?
    Күләш ханымның айтуынша балаларға бар жағдайды жасау үшін қазіргі таңда қосымша демеушілерді қарастырып жатыр екен.
    Аудио тыңдау
    21/05/2019 12:44 0 333
    Cайлау бюллетеньдерін басып шығаруға қанша қаражат кетеді?
    Cайлау бюллетеньдерін басып шығаруға қанша қаражат кетеді?
    Cайлау бюллетеньдерін басып шығаруға қанша қаражат кетеді?
    Бұл туралы 21 мамырда Нұр-Сұлтанда өткен ОСК жиынында айтылды
    Аудио тыңдау
    21/05/2019 18:56 0 211
    Кучма Зеленскийге: "Көп сөйлей берме!"
    Кучма Зеленскийге: "Көп сөйлей берме!"
    Кучма Зеленскийге: "Көп сөйлей берме!"
    Сондай-ақ, Кучма соғыс пен бейбітшіліктің кілті Ресей президенті Владимир Путиннің қолында екенін жеткізді.
    Аудио тыңдау
    22/05/2019 00:19 0 3135
    Зеленский Ресеймен бірге референдум өткізуге дайын
    Зеленский Ресеймен бірге референдум өткізуге дайын
    Зеленский Ресеймен бірге референдум өткізуге дайын
    Владимир Зеленскийдің штабы Донбасс мәселесі бойынша Ресеймен бірге референдум өткізу туралы ой толғауда
    Аудио тыңдау
    22/05/2019 01:47 0 718
    Орта есеппен 2,5 млн теңге жалақы төлейтін қаланы білесіз бе?
    Орта есеппен 2,5 млн теңге жалақы төлейтін қаланы білесіз бе?
    Орта есеппен 2,5 млн теңге жалақы төлейтін қаланы білесіз бе?
    Бұған дейін осы тізімде Цюрих қаласы бірінші болып тұрған. Қазір ондағы орташа жалақы Сан-Францискоға қарағанда 400 долларға кем.
    Аудио тыңдау
    22/05/2019 01:48 0 287
    Қара шаңыраққа - 85 жыл!
    Қара шаңыраққа - 85 жыл!
    Қара шаңыраққа - 85 жыл!
    Еліміздің ертеңі мен бүгіні жастардың қолында деген қағиданы бәріміз білеміз. Университетіміз —  еліміздің дамуының кепілі мен көрсеткіші.
    Аудио тыңдау
    22/05/2019 15:43 0 116
    Зеленскийге президенттің жұмыс креслосы ұнамай қалды (видео)
    Зеленскийге президенттің жұмыс креслосы ұнамай қалды (видео)
    Зеленскийге президенттің жұмыс креслосы ұнамай қалды (видео)
    Зеленскийдің мемлекет басшысы ретіндегі алғашқы жұмыс күндері көрсетілген видеолар пайда болды.
    Аудио тыңдау
    22/05/2019 17:17 0 3407
    Аңызға айналған  Марадонаны полиция  неге тұтқындады?
    Аңызға айналған Марадонаны полиция неге тұтқындады?
    Аңызға айналған Марадонаны полиция неге тұтқындады?
    Олива ханым, әйгілі футболшыдан әлгі ақшаны өндіріп алу үшін сотқа шағымданған.
    Аудио тыңдау
    23/05/2019 06:05 0 1103
    Бокстың болашағы әлі де бұлыңғыр: ХОК боксшыларға қатысты шешім шығарды
    Бокстың болашағы әлі де бұлыңғыр: ХОК боксшыларға қатысты шешім шығарды
    Бокстың болашағы әлі де бұлыңғыр: ХОК боксшыларға қатысты шешім шығарды
    Естеріңізде болса, осыдан 6 ай бұрын ХОК 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына бокстан іріктеуді тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған еді.
    Аудио тыңдау
    23/05/2019 12:01 0 461
    Бразилиялық жұп 2 млн-нан астам ағаш отырғызып, қаңыраған алқапты тропикалық жұмаққа айналдырды
    Бразилиялық жұп 2 млн-нан астам ағаш отырғызып, қаңыраған алқапты тропикалық жұмаққа айналдырды
    Бразилиялық жұп 2 млн-нан астам ағаш отырғызып, қаңыраған алқапты тропикалық жұмаққа айналдырды
    Бұрын бұл жерде бай флора мен фаунасы бар тропикалық орман болады, бірақ адамдар ағаштың бәрін шауып алған соң жойылып кеткен.
    Аудио тыңдау
    23/05/2019 12:54 0 236
    Брюс Лидің қызы қазақстандықтармен кездесті (видео)
    Брюс Лидің қызы қазақстандықтармен кездесті (видео)
    Брюс Лидің қызы қазақстандықтармен кездесті (видео)
    Брюс Лидің қызы қазақстандықтарға ыстық сәлемін жеткізді...
    Аудио тыңдау
    23/05/2019 13:23 0 346