• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 07:59:42
Алматы
+35°

04 Сәуір, 2018 Аймақтар

Жерасты суларын заңсыз өндіру табиғи ресурстардың сарқылуына әкеп соқтырады

Табиғат пайдаланушылардың арнайы су пайдалануға рұқсаттың болмауынан 216 452 235 теңге айыппұл салынған

Табиғат пайдаланушылардың арнайы су пайдалануға рұқсаттың болмауынан 216 452 235 теңге айыппұл салынған.

Бұл туралы Алматы қаласы ӨКҚ  алаңында  Алматы қаласы бойынша Экология департаментінің басшысы Орман Ақкозиев хабарлады.

 Жерасты суларын заңсыз өндіру табиғи ресурстардың сарқылуына әкеп соқтырып, қоршаған ортаға залалын тигізді және Қазақстан Республикасы Конституциясының 6 бабының 3 тармағының сәйкес жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады негізгі ережелері бұзылған. ҚР Экологиялық кодексінің 12 бабының, 1, 2 тармақтарына, ҚР Су кодексінің 66 бабына, ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» Заңының 35 бабына сәйкес табиғи ресурстарды пайдалану табиғатты арнайы пайдалану құқығы аясында уәкілетті органдардың рұқсатына сәйкес жүзеге асырылады. ҚР Экологиялық кодексінің 1 бабының 42 тармақшасына, 5 бабының 7 тармақшасына, 321 бабының 2 тармағына сәйкес табиғи ресурстар тиісті түрде ресімделмегенген рұқсатсыз пайдалану қоршаған ортаға зиян келтіру деп танылады және ол міндетті түрде өтелуі қажет.

Жоғарыда аталған табиғат пайдаланушыларды тексерудің нәтижесі бойынша арнайы су пайдалануға рұқсаттың болмауына байланысты, жалпы сомасы 216 452 235 теңгені құрайтын әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарылды және қоршаған ортаға келтірген залалды өтеу жөнінде шағымдар ұсынылды.

Қазіргі таңда азаматтық өндірістер бойынша 2016-2017 жылдардағы сот процесстері толығымен аяқталған, - дейді ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір