• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 15:47:12
Алматы
+35°

05 Ақпан, 2019 Әдебиет

Жер шарының кең байтағын басса да,  бес шаршы жер бұйырмаған қарғам-ай!

Уа, Жаратқан, кешірме! Уа, Жаратқан, кешірме! Кешер болсаң, отымды енді өшірме!

Уа, Жаратқан, кешірме!
Уа, Жаратқан, кешірме!
Кешер болсаң, отымды енді өшірме!
Көз алдымнан кетер емес елесі, 
Сәбилердің өртке оранған денесі.

Қраңғы түн, қаһарлы аяз қысқан шақ, 
қам-қайғысыз ойнап отыр үш томпақ... 
Тым жұпыны аядай-ақ үй іші, 
Бесіктегі нәрстенің кетіп қалған күйісі. 
Ересектеу біреуі оны тербетеді "әлдилеп", 
Шықты кенет пеш маңынан күйген киіз иісі...

Қараша үйді қара түнде от жұтты, 
Қызыл жалын тоқтар түрі жоқ тіпті. 
Бес сәбидің балдан тәтті денесі, 
Ажал - өртпен арпалысқан елесі.
Кетер емес, қалай кетсін көкейден, 
Ау, біздің ел өртке оранып есейген.

Түнгі жұмыс кетті әке, кетті ана, 
Қу молада қалды қайран бес бала!
Жанып кетті бес ақ күндік жалған-ай, 
Жан бағыс деп жалмаң қаққан арман-ай... 
Жер шарының кең байтағын басса да, 
Бес шаршы жер бұйрмаған қарғам-ай!
Бес бала деп бес мың теңге іздеген, 
Ертеңінен ешбір үміт үзбеген. 
Қайран сенің сол үмітің күл болған, 
Бұлдіршіндер айналайын бүр жарған. ...

Әділет Ахмет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір