• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 03:34:57
Алматы
+35°

29 Қараша, 2017 Саясат

«Жер қойнауы бойынша барлық сұрақтар бір құжатқа жинақталды»

Кодекс жобасы жер қойнауын пайдалану саласын реттеудің жаңа тәсілін көздейді

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста Палата «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодекс және оған ілеспе заң жобаларын екінші оқылымда мақұлдады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Осыған орай, өз пікірін ортаға салған Мәжіліс Төрағасы: -Бұл Кодекстің ең негізгі ерекшелігі – ол осы жер қойнауы саласындағы барлық сұрақтар бір құжаттың ішінде жинақталған. Соның нәтижесінде, жер қойнауын пайдаланушылар үшін де, инвесторлар үшін де тиімді жағдай жасалатын болады,-деді.

Айта кететін болсақ, Кодекс жобасы жер қойнауын пайдалану саласын реттеудің жаңа тәсілін көздейді. Онда жер пайдалану құқығын «бірінші келдің – бірінші алдың» қағидаты бойынша берудің австралиялық моделін енгізу, пайдалы қазбалар қорларын есептеудің халықаралық жүйесіне көшу, геологиялық ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету, жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасын әзірлеу, уранды, көмір қабаттарының метанын игеруді реттеу, пайдалы қазбаларды старателдік өндіруді енгізу сияқты жаңалықтар қамтылған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір