Жер бетінде періштеге жоқ орын: "Нұр болса да есіміңде, не керек"

Жер бетінде періштеге жоқ орын: "Нұр болса да есіміңде, не керек"
Ⓒqamshy.kz collage

Қайран қазақ қалай ғана көп болар

Біздер өртеп жібердік –

Бес баланы – бес гүлді…

Періштелер-

Пейішке ұшып кетті олар,

Мазаламас енді қыздар ешкімді…

Шекесі тар шенеуніктер ұсақтап,

Балалардың несібесі тоналды….

Аязында Астананың бірін-бірі жылытумен құшақтап,

Жатқан қыздар жалынды отқа оранды…

Бұдан кейін біздерге  кім сенеді?

Көктей солды қызғалдақтар көкөрім…

Көкке ұшып кетті олар, себебі,

Жер бетінде  періштеге жоқ орын!..

Бейкүнәлар, азабыңды тартамын,

Жүрегіме салар ізін әр сыз күн…

Шыдады олар аязына Арқаның,

Шыдамады аязына  атқамінер арсыздың…

Қызыл отқа қидық қалай қыздарды,

Аяз би жоқ – алдан олар не күтті?.

Аязбеттер  болғанннан соң ызғарлы,

Аяз Ата жарылқар деп сеніпті…

Ақордамыз тұрған асқақ қалада,

Бес періште күлін көкке ұшырды…

Қызылорда – Қармақшыда қармақ салып балаға,

Улы түтін тұншықтырды үш ұлды…

Аузын ашса, өлең емес… Зар шыққан,

Қаламын тек қару еткен ақынбыз.

Бала жасай алмай жүріп балшықтан,

Барымызды өртеп келе жатырмыз…

Ел сенетін ерлеріміз қайда әлгі?..

Тұрмыстың бұл тұманы әлі торлауда…

Әлеуметтік қорғауымыз айналды-

Әлеуметті қорлауға!..

Тәуелсіздік – бағым-барым деп келем,

Әйтпесе көп жүректегі жарамыз…

Бес періште қазасына

Беттері бүлк етпеген

Билікпенен біздер қайда барамыз?!.

Қасиетсіз табыса алмас көп елмен,

Қасіретті ата-ананың таңдауы деп тауыпты…

Тілсіз жауды кінәлаймыз, дегенмен,

Бетсіз жаулар бәрінен де қауіпті!..

Соғыс жоқта құрбандықтың алды емес бұл, арты да…

Болды бізге биыл келген қыс ауыр…

Әкім егер жақын болса xалқына,

Алты ұлымыз болар еді алты ауыл!..

ӘлиНұр деп қойған атың керемет!

Шерін қалай тарқатайын көңілдің…

Нұр болса да есіміңде, не керек

Нұрын көрмей кеттің мынау өмірдің…

Абзал деген атың қандай қарағым,

Алдарыңда көп қоғамның қарызы…

Алдияр деп қойса да атын баланың,

Алдиярға жетпей кетті арызы…

Баспанасыз  қалды қазақ қыс күні,

Перзенттер жоқ

Тірліктен бұл мән қашты…

Балаларды өртеген от ұшқыны

Аналардың жалынына жалғасты!..

Ұран болар Ұлттың қашан бар үні,

Құтқарады құлдықтан кім сананы?

Өзегімді өртеген от жалыны

Жанымды өртеп барады…

Сүрінетін сүйексіңді сүреде

Тексіздіктен бізге бақыт жоқ қонар…

Тілін білмес – тірлігіңді біле ме!

Шет тілінде сөйлейтіндер шет болар!..

Дар ағашын дайындаған дараға,

Тұрмыспенен тұсау салып данаға,

Тиын-тебен тастап қойып балаға,

Бар байлығын шашып келген далаға,

Үкіметке үкім етер күн келді!

Шығарайық іштен тынған үнді енді-

Сіз қайдасыз, Ұлтқа қарыз Нар аға?!

Ерміз бе біз, Елміз бе біз –

Ендеше,

Бер Бостандық санаға!

Қазыбек Иса

Ұсынған: Әсел Болатқызы

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ

    1
    Назарбаев: Менің сайлауға қатысқанымды қалайтындар көп
    23/04 12:28 0 194
    2
    "Балуан Шолақ" түсірілген Тоғызбұлақтың таңғажайып табиғаты (фото, видео)
    23/04 12:10 0 241
    3
    Ысырапшылдық – байлықтың қас жауы
    23/04 11:52 0 97
    "Нұр Отан" президенттікке үміткер ретінде Тоқаевты ұсынды
    23/04 11:27 0 476
    «Қазақтың қазанаты қайда?» деп президенттікке кандидат ретінде тіркелген азамат кім?
    23/04 11:13 0 317

    Таныстырылғандар

    «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 2 жылдығына орай Алматыда ғылыми конференция өтті

    13/04/2019 11:59 0 556
    «Ханымдар, көп ұйықтап, диетада отыра бермеңіздер!»
    «Ханымдар, көп ұйықтап, диетада отыра бермеңіздер!»
    «Ханымдар, көп ұйықтап, диетада отыра бермеңіздер!»
    «Егер дәрігер түсініксіз талдау жасат, ота жасау керек деген кезде одан өз балаңа, етене жақын туыстарыңа да осы ақылды айтар ма едің деп сұра?»
    14/04/2019 10:18 0 4253
    "Ақ жол": 3 сағат даулассақ та, үміткер таба алмадық
    "Ақ жол": 3 сағат даулассақ та, үміткер таба алмадық
    "Ақ жол": 3 сағат даулассақ та, үміткер таба алмадық
    Түркістан, Маңғыстау, Алматы облыстарының, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының өкілдері партияның төрағасын ұсынды
    15/04/2019 12:17 0 2663
    Абай Серғазиев: 19 жасымда Кипрде бизнес аштым
    Абай Серғазиев: 19 жасымда Кипрде бизнес аштым
    Абай Серғазиев: 19 жасымда Кипрде бизнес аштым
    800 долларды үш айда 31 мың долларға айналдырған кәсіпкер құпиясы.
    15/04/2019 16:28 0 1179
    Сауда капиталына неге мемлекет араласпауы керек?
    Сауда капиталына неге мемлекет араласпауы керек?
    Сауда капиталына неге мемлекет араласпауы керек?
    Біздің елдегі сауда нүктелерінің дені жекеменшіктің қолына өтіп кетті
    17/04/2019 10:03 0 500
    Айуандықпен өлтірілген кәсіпкердің ұлы сұмдық шындықты жайып салды
    Айуандықпен өлтірілген кәсіпкердің ұлы сұмдық шындықты жайып салды
    Айуандықпен өлтірілген кәсіпкердің ұлы сұмдық шындықты жайып салды
    Шымкентте өңірге танымал ірі кәсіпкер мен оның жұбайын айуандықпен өлтіріп, миллиондаған ақшасы мен дүниесін алып кеткен көлік жүргізушісінің соты өтуде
    17/04/2019 11:25 0 5322
    "Дариға-ай" жастар театры  - Алматыда
    "Дариға-ай" жастар театры - Алматыда
    "Дариға-ай" жастар театры - Алматыда
    Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының "Дариға-ай жастар театры" 2019 жылдың 17-19 сәуір күндері аралығында Алматы қаласында гострольдік сапарын өткізеді.
    17/04/2019 23:12 0 347
    Жетісайда азап көрген үш қыз: Өгей шешенің әкесі өз пікірін айтты
    Жетісайда азап көрген үш қыз: Өгей шешенің әкесі өз пікірін айтты
    Жетісайда азап көрген үш қыз: Өгей шешенің әкесі өз пікірін айтты
    Түркістан облысы, Жетісай қаласында орын алған өгей шешенің қатігездік мәселесі енді құдалар арасындағы дауға ұласатын түрі бар
    18/04/2019 14:28 0 5490
    Алтын қордағы үздік ертегілер мен жырлар арнайы жинақ болып шықты
    Алтын қордағы үздік ертегілер мен жырлар арнайы жинақ болып шықты
    Алтын қордағы үздік ертегілер мен жырлар арнайы жинақ болып шықты
    Бұл антология біз үшін де, келешек ұрпақ үшін де өте құнды жәдігерге айналатыны белгілі
    19/04/2019 14:28 0 509
    Өлсе де тыныштық бермеді: мистика немесе кездейсоқтық
    Өлсе де тыныштық бермеді: мистика немесе кездейсоқтық
    Өлсе де тыныштық бермеді: мистика немесе кездейсоқтық
    Найзағай бір адамды тірісінде үш рет, өлгеннен кейін тағы бір рет іздеп келген.
    21/04/2019 00:01 0 1007
    Бізге несие алудың қажеті жоқ: қаржыгер себептерін санамалап берді
    Бізге несие алудың қажеті жоқ: қаржыгер себептерін санамалап берді
    Бізге несие алудың қажеті жоқ: қаржыгер себептерін санамалап берді
    Мен жеке қаржыгер ретінде халыққа айтарым, несие алмаңыздар. Кредит - сізді қу тақыр кедейлікке алып баратын тура жол.
    21/04/2019 00:06 0 1606
    Марафонда "әділ сайлауды" талап еткен қыздың соттағы сөзі
    Марафонда "әділ сайлауды" талап еткен қыздың соттағы сөзі
    Марафонда "әділ сайлауды" талап еткен қыздың соттағы сөзі
    Сот мырза, прокурор мырза, осы жердегі азаматтар, баршаңыз мен айтқан Қазақстанды қалайсыздар!
    22/04/2019 13:28 1 4440
    Президенттікке үміткерлер қатарына Мәжіліс депуттаттары қосылды
    Президенттікке үміткерлер қатарына Мәжіліс депуттаттары қосылды
    Президенттікке үміткерлер қатарына Мәжіліс депуттаттары қосылды
    13 сәуірдегі «Ақ жол» Орталық кеңесінің пленумы президенттік сайлауға үміткерлерді анықтай алмады
    22/04/2019 15:17 0 481
    Бекмамбетов Татарстан президентінің көмекшісіне үйленді
    Бекмамбетов Татарстан президентінің көмекшісіне үйленді
    Бекмамбетов Татарстан президентінің көмекшісіне үйленді
    Бейресми деректерге сүйенсек, Тимур Бекмамбетов лауазымды тұлғамен 2018 жылдың көктемінде көңіл жарастырған.
    22/04/2019 17:37 1 714
    "Нұр Отан" президенттікке үміткер ретінде Тоқаевты ұсынды
    "Нұр Отан" президенттікке үміткер ретінде Тоқаевты ұсынды
    "Нұр Отан" президенттікке үміткер ретінде Тоқаевты ұсынды
    "Тоқаевты ұсынамын", - деді Назарбаев.
    23/04/2019 11:27 0 476