• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 03:04:41
+35°

06 Мамыр, 2019 Әлеумет

Жеңіс күнінде соғыс ардагерлері қанша алады?

Әкімдіктер өздерінің бюджеттерінің мүмкіндігіне қарай біржолғы ақшалай төлем мөлшерін бір-бірінен бөлек белгілейді.

Елімізде Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне бір жолғы төлем жасайды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Еңбек және әлеуметтік қорғау министірлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстанда ағымдағы жылдың 1 мамырына  Ұлы Отан соғысының 1425 қатысушылары мен мүгедектері, сондай-ақ 87 мыңнан астам ҰОС ардагерлері өмір сүреді.

Жергілікті атқарушы органдар ардагерлерге қолдау көрсету және оларға құрмет таныту бойынша іс-шаралар жоспарын әзірледі. Әкімдіктер өздерінің бюджеттерінің мүмкіндігіне қарай біржолғы ақшалай төлем мөлшерін бір-бірінен бөлек белгілейді.

Нұр-Сұлтан - 519 мың теңге,

Алматы - 250 мың теңге,

Шымкент - 250 мың теңге,

Шығыс Қазақстан облысы - 542 мың теңге,

Ақмола облысы - 500 мың теңге,

Павлодар облысы - 500 мың теңге,

Қарағанды облысы - 300 мың теңге,

Атырау облысы - 300 мың теңге,

Ақтөбе облысы - 300 мың теңге,

Батыс Қазақстан облысы - 300 мың теңге,

Маңғыстау облысы - 250 мың теңге,

Солтүстік Қазақстан облысы - 250 мың теңге,

Түркістан облысы - 250 мың теңге,

Қызылорда облысында 202 мың теңге,

Қостанай облысы - 150 мың теңге,

Жамбыл облысы - 150 мың теңге.

Сонымен қатар, министрлік 2019 жылы Ұлы Отан соғысының әрбір қатысушысына және мүгедегіне кем дегенде 300 мың теңге төлеуді ұсыныс жасады. Қоршаудағы Ленинград тұрғындарына - жалпы сомасы 3,4 млн. теңгеге 69 адамға, концлагерлердің жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына (283 адам - 14,5 млн. теңге), қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің жұбайларына (4 179 адам - 79,1 млн. теңге), ҰОС кезінде қаза болғандардың жесірлеріне (364 адам - 11,5 млн. теңге), тыл еңбеккерлеріне (67 479 адам-1,3 млрд. теңге) және ҰОС қатысушылары мен ардагерлеріне теңестірілген басқа азаматтарға (15 066 адам-676 млн. теңге) түрлі біржолғы төлемдер тиесілі.

Бұдан басқа, ҰОС мүгедектерін бірінші кезекте санаторлық-курорттық емдеумен, протездік-ортопедиялық бұйымдармен, протездеу бойынша медициналық қызметтермен, сурдоқұралдармен және басқа да компенсаторлық қосалқы құралдармен, міндетті гигиеналық құралдармен, кресло-арбалармен және дәрілік заттармен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Жеңістің 74 жылдығына орай 88 862 ҰОС ардагерлеріне 2,6 млрд. теңгеден астам сомаға бір жолғы материалдық көмек төленеді.

Ұсынған: Ильдар Адильченов

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір