• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 18:48:46
Алматы
+35°

29 Тамыз, 2018 NEWS

Жеңіс! Атышулы аурухана қателігінің орнын толтырып жатыр (видео)

Енді аурухана қызметкрелері есіктер мен қабырғалар сыртына қазақ тілінде жазылған парақшаларды жабыстырып, тілге деген құрметтерін арттыра бастаған секілді.

Астана қаласындағы атышулы №2 аурухана қазақ тілін қорлағандарын мойындап, халықтан да, емделуші Мұқағали Балқыбаевтан де кешірім сұрағанын жарияладық. Мұны Qamshy.kz ақпарат агенттігіне ауруханаға тікелей барып, басшылықтан кешірім сұратқан заңгер Жасұлан Иса растаған еді. Енді аурухана қызметкрелері есіктер мен қабырғалар сыртына қазақ тілінде жазылған парақшаларды жабыстырып, тілге деген құрметтерін арттыра бастаған секілді. Мұны емделуші Мұқағали Балқыбаев жіберген мына видео дәлелдейді. 

Жалпы болған жағдайға бір көз жүгіртіп өтсек... Мұқағалиға 27 тамыз құлағына операция жасатып, сол күні кешке «Отоларингология» бөлімшесінің 9-палатасына жатқызылған. 28 тамыз палатаға тазалық сақтаушы орыс әйел кіріп, емделушілерге орысша сөйлей бастайды. Мұқағали өзінің орысша түсінбейтінін айтып, мемлекеттік тілде сөйлеуін талап етеді. Алайда әйел қазақ тілінде сөйлей алмайтынын айтып, емделушімен сөзге келіп қалады. Артынша палатаға дәрігер Асхат Николайұлын ертіп келеді. «Дәрігерім мені қорғайтын шығар» деп сенген емделушінің үміті ақталмады. Мұқағалидің айтуынша, дәрігер емделушінің өзіне тап берген. Тіпті «қазақша сөйле деп қақсай берсең, ауруханадан шығасы, шығару туралы анықтаманы да орыс тілінде жазып беремін» деп «қоқан-лоқы» көрсеткен көрінеді.

Мұқағалимен  тілдескен біз кейін дәрігері Асхат Николайұлының да пікіріне құлақ аспақ болып, хабарластық. Емделушісіне, қала берді мемлекеттік тілге араша түсіп, қолдайын деген дәрігерді көрмедік. Керісінше, «50-ден асып қалған тазалық сақтаушыға құрметсіздік көрсетті» деп Мұқағалидің өзін айыптай бастаған еді.

Ал бүгін жанына бір топ жалынды жастарды жинаған Жасұлан Иса аураханаға барып, басшылығымен де, қызметкерлерімен де сөйлесіп, олардың әрекеттерінің дұрыс еместігіне көздерін жеткізіп келді.

Заңгердің айтуынша, №2 қалалық аурухананың бас дәрігері Иван Ли, оның орынбасары, сонымен қатар Мұқағалидің дәрігері Асхат Николайұлы да қателіктерін мойындап, емделуші мен халықтан кешірім сұрады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір