• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 03:47:12
Алматы
+35°

27 Наурыз, 2019 Спорт

Жеңілмеген қазақстандық спортшыға UFC ұсыныс жасады

Шавкат Рахмонов 30 наурыз күні Алматы қаласында өтетін M-1 Challenge 101 турнирінің басты жекпе-жегінде өнер көрсетеді.

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Шавкат Рахмонов кезекті жекпе-жегінде чемпиондық атаққа таласады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Prosports.kz сайтының дерегін негізге алып. 

Шавкат Рахмонов 30 наурыз күні Алматы қаласында өтетін M-1 Challenge 101 турнирінің басты жекпе-жегінде өнер көрсетеді.

Жеңілістің ащы дәмін татпаған отандасымыз M-1 Global тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына таласады. 77 келі салмақта жұдырықтасатын Шавкат ресейлік Данила Приказамен (11-2-1) чемпиондық белбеуді сарапқа салады.

BE STRONG промоушенінің вице-президенті Асылбек Дүйсенов  Рахмоновтың беделді ұйым-UFC-дің қатарын толықтыруы мүмкін екенін айтты. 

«UFС-ге жақындап келеміз. UFC Шавкатқа 4 жекпе-жектен тұратын келісімшарт ұсынды. Санкт-Петербургтегі 20 сәуірде өтетін UFC Fight Night 149 турниріне қатысуға мүмкіндігі болған. Алайда, оған қатысса, М-1 Challenge 101 турнирінің титулды бас тартуға тура келер еді», - деді Асылбек Дүйсенов. 

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір