• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 09:20:36
Алматы
+35°

23 Ақпан, 2019 Спорт

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксер аяқастынан ресейлік болып кетті

Калицкий филиппиндік боксер Венсон Делоперемен 6 раунд айқасып, жеңіске жеткен болатын

21 жастағы қазақстандық спортшы Станислав Калицкийдің соңғы жекпе-жегі сәтті аяқталған болатын, алайда сол жекпе-жектен кейін біршама сұрақтар туындады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтының дерегіне сүйеніп.

Екатеринбург қаласында Калицкий филиппиндік боксер Венсон Делоперемен 6 раунд айқасып, жеңіске жеткен болатын. Алайда бұлжекпе-жекте түсініксіз сұрақтар туындады.

Ринг-анонсшы қазақстандық боксерді  "Қызыл бұрыштан шығатын - Ресей спортшысы Станислав Калицкий" деп таныстырды. Сондай-ақ, боксердің Қостанай қаласынан екендігін де айтып өтті.

Айта кетейік, алдыңғы жекпе-жектерде Калицкийдің суретінің қасында Қазақстанның туы тұрған болса, бүгінде ол Ресейдің туына ауысқан.

Ұсынған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір