• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:01:23
Алматы
+35°

04 Сәуір, 2017 Саясат

Жемқорлыққа қарсы жұмыс күшейеді

     Облыстық әкімдікте өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша ведомствоаралық...

     Облыстық әкімдікте өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның  отырысы өтті. Мәжіліс барысында жер қатынастары саласында жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау, рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиеге байланысты оқушылар арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша қолданылып жатқан шаралар талқыланды.

    Отырыста облыстық жер қатынастары  басқармасының басшысы  Есенгелді Кәрібаев бірінші болып  сөз сөйледі. Ол 2016 жылы облыстық жер комиссиясы 6 отырыс өткізіп, онда жер учаскелерін беру туралы 21 өтініш қаралғанын, олардың 17-сі  қанағаттандырылып, 4-уі қабылданбағанын атап айтты.

     «Қазіргі кезде жер мәселесі ең маңыздылардың бірі саналады. Осы мақсатта ҚР Ауыл шаруашылығы министрі жер реформасы мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстарының республикалық жоспарын бекітті, соның негізінде Өңірлік жоспар жасалды. Жоспарды орындау үшін облыстың аудандарында жұмыс топтары құрылды, олар тұрғындардың арасында жер заңнамасын түсіндірумен айналысатын болады»,- деді Есенгелді Кәрібаев.

      Баяндаманы тыңдай келе, Құмар Ақсақалов тұрғындар мен басқарма жұмысы арасында мөлдірлікті қамтамасыз ету үшін, қоғамдық бақылау жұмысын күшейтуге арналған  тетік әзірлеуді  тапсырды.

     «Жер қатынастары осы уақытқа дейін әскери құпия сияқты. Мен аудан әкімдерінің сайттарын қарадым, оларда ақпарат өте аз, қолжетімділігі де шамалы. Кім, қашан жер алғанын, келесі кезекте кім екендігін  адамдар білуі тиіс. Сол сияқты жер бөлумен айналысатындарды, мысалы- бөлім басшыларын  тексеру керек. Жердің әрі қарай бөлінуі кейде соларға байланысты. Олардың жұмысын қарау қажет»,- деді Құмар Іргебайұлы.

       Білім басқармасы басшысының орынбасары Владимир Ткаченко  рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиеге байланысты оқушылар арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша қолданылып жатқан шаралар жайында баяндады. .

    Пәндік курстарды  оқу барысында  қазақстандық патриотизм  рухында жеке тұлғаны тәрбиелеуге, жемқорлықты қабылдамауға, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді.

       «2016 жылдың қаңтар айынан бастап жалпы білім беретін 440 ерікті «Адал ұрпақ» мектеп клубтары және «Парасатты азамат»  бұрыштары  құрылды. Ерікті «Адал ұрпақ» мектеп клубтарының негізгі мақсаты - мектепте жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жемқорлыққа байланысты төзбеушілікті  нығайтуға арналған  бастамаларды  мадақтау, жемқорлыққа қарсы шараларды ұйымдастыруға қатысу»,- деді Владимир Ткаченко.

        Өңір басшысы Құмар Ақсақалов осы бағытта ұйымдастырылған  барлық шараларға оқушылар мен жасөспірімдерді дұрыс қызықтыра білу керектігін  атап көрсеті.

        «Біздің барлық  жұмысымыздың әсері, нәтижесі теория жүзінде емес, нақты көрінуге тиіс. Кез келген лекция ақшаға оқылады. Сіздердің қызмет аяларың кең деп есептеймін. Мемлекет басшысының бастамалары жастар, қоғамдық және оқушылар арасында өткізілгені және жүзеге асырылғаны өте маңызды»,- деп нақтылады

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір