Жемқорлар 2018 жылы мемлекетке 21 млрд теңге залал келтірген

Жемқорлар 2018 жылы мемлекетке 21 млрд теңге залал келтірген
ⒸiKaz.kz

Былтыр сыбайлас жемқорлыққа қатысы болған 1 290 адамның әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Abctv.kz сайтына сілтеме жасап.

Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар саны төмендеуде. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың сөзінше, бірақ бұл тенденция тұрақты түрде жалғасып келеді. 2016 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 23 пайызға кеміген.

«Бұл сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстың жемісі», – дейді агенттік төрағасы.

Деректерге сүйенсек, 2018 жылы сыбайлас жемқорлыққа барған 1 290 адамның әрекеті әшкереленген. Олардың 25-і – республикалық деңгейде, 91-і – облыстық деңгейде, 142-сі қалалық және аудандық деңгейде ұсталған адамдар.

«Былтыр ұйымдасқан 4 қылмыстық топ қызметінің жолы кесілді. Жүйелі түрде орын алған сыбайлас жемқорлықтың 87 фактісі анықталып, ол бойынша 288 лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Мемлекетке келтірілген залал көлемі 21 млрд теңгені құрады. Оның 89 пайызы өндіріліп алынды», – деді Алик Шпекбаев агенттіктің алқа мәжілісінде.

Өткен жылы агенттік тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасына бақылауға ерекше назар аударғанын жақсы білеміз. Бұл ретте, «Жасырын сатып алушы» тәсілі саладағы құқық бұзушылықтарды анықтап, жоюға айтарлықтай үлес қосқан.

«Сондай-ақ, агенттік «Цифрлық агент» мобильді қосымшасын да іске қосты. Осылайша, тұрғындар смартфонның көмегімен мемлекеттік мекеме ұсынатын кез келген қызметтің сапасына қатысты пікір білдіре алатын болды. Мұның бәрі сыбайлас жемқорлық әрекетін жедел анықтап, заңға қайшы қадамға барған мемлекеттік қызметшіні жазалауға мүмкіндік береді», – дейді агенттік төрағасы.

Сонымен қатар, 2018 жылдың басында «Қоғамдық бақылау картасы» әзірленді. Бұл жоба күнделікті қызмет барысында шенеуніктердің сыбайлас жемқорлыққа бармауын және олардың жұмысының сапасын арттыруға бағытталған. Оны қолдану кезінде азаматтардың әлеуметтік желілер мен call-орталық арқылы жіберген өтініштері бойынша халықтың әлеуметтік көңіл-күйіне әсер ететін 2,2 мыңнан астам мәселе шешілді», – деп толықтырды сөзін Алик Шпекбаев.

Оның айтуынша, агенттікті оңтайландыру және бюджет шығындарын қысқарту жұмыстары биыл да жалғасады. Еске сала кетейік, былтыр агенттіктің орталық аппарат қызметкерлерінің саны үштен бірге дейін қысқартылған болатын.

«Енді тек ең тиімді мамандарды қалдыру арқылы бұл көрсеткішті 40 пайызға дейін жеткізіп, олардың ақшалай үлесін арттыру көзделуде», – деді агенттік төрағасы.

Сондай-ақ агенттіктегі 254 басшылық лауазым қысқартылып, артық құрылымдар жойылды. Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің еңбекақысы Шығыс Еуропа елдерінің деңгейіне дейін жеткізілді.

«Үнемделген әр теңге сыйлықақылар мен жәрдемақылар төленетін «жинақ шотқа» жіберіледі», – деді ол.

Алқа мәжілісінде Алик Шпекбаев бірқатар бастаманың шетін шығарды. Мәселен, ол У-083, У-086 медициналық анықтамаларынан бас тартуға болатынын айтты.

«Соңғы уақытта аталған анықтамаларды жинау көпшіліктің наразылығын тудыра бастады. Өйткені бұл құжаттар шешім қабылдауға ешқандай әсер етпейді. Сондай-ақ, осындай анықтамаларды сату белең алып келеді. Мұндай құжаттардан еш қиындықсыз-ақ бас тартуға болады», – дейді агенттік төрағасы.

Бұдан былай қажетті құзыреті мен тәжірибесі бар кез келген адамның Ұлттық бюрода қызмет етуге деген мүмкіндігі артатын болды. Өйткені, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегі барлық бос лауазымға ашық конкурс өткізіледі.

Жалпы, құқық қорғау органдарының қызметі әкімшілік мемлекеттік қызмет стандартына жақындап келеді.

«Құқық қорғау органдарындағы қызметке үміткерлер іріктеудің алғашқы екі кезеңін біздің агенттікте өтеді. Соңғы екі жылда 73 мыңнан астам адам заңнаманы білуге арналған тестілеуге қатысты. Олардың тек оннан төртеуі ғана іріктеуден өтеді. Ал құқық қорғау органының өзінде өтетін сұхбатқа тек дайындығы жақсы және қабілетті үміткерлер ғана барады. Бұл өз кезегінде ең көп сын айтылатын полиция қызметіне сәтті жаңарту жүргізуге мүмкіндік береді. Бүгінде құқық қорғау және сот органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шаралар күшейтілуде», – деді Алик Шпекбаев.

Агенттік төрағасы "мемлекеттік қызметте «мінсіз бедел» түсінігін енгізу қажет" дейді. Сонда мемлекеттік қызметшілердің этикалық құқық бұзушылықтары азая түспек. Мәселен, соңғы төрт жылда этикалық құқық бұзушылықтар саны екі есе азайған. Еске сала кетейік, 2015 жылғы 746 этикалық құқық бұзушылық орын алса, былтыр 353 бұзушылық тіркелген.

«Өз қатарымыздағы адамдардың тазалығы – жұмысымыздың негізгі қағидасы. Өткен жылы агенттіктің, Ұлттық бюроның және Мемлекеттік басқару академиясының 7 қызметкері қылмыстық қудалауға ұшырады. Бүгінде олардың 5-і сотталды. Мұндай жағдайларды жою үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақтылық бойынша жүйелі түрде арнайы тексерулер жүргізу керек. Тәжірибе сәтті жүзеге асса, оны басқа да құқық қорғау органдарында пайдаланатын боламыз», – деді Алик Шпекбаев.

Ұсынған: Назерке Лабихан

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


  • 1 апта бұрын

    Ұсталған жемқорларды елдің алдында қатаң жазалау керек ойтпесе біздің елдің болашағы жоқ заң тек кітап күйінде деген түсінік қалықтың жүрекінде қалат бұны жойыу үшін оқыу орындарындағы жемқорлықты қатаң бақылау керек теп ойлайм елден ақша жеп қашты деген адамдарды əкеліп жазаласа елдің беделі қалықтың үкіметке деген сенімі ойанар ед

    1
    Жаңаөзен жастары Елбасына видео үндеу жолдады (видео)
    21/02 13:57 0 0
    2
    Ұлтынан, тілінен мақұрым қалған қазақстандық әжей өз-өзін іздеп жүр
    21/02 13:48 0 21
    3
    Алматыда екі жігіт 35 жастағы әйелді буындырып, тонын шешіп алып кеткен (видео)
    21/02 12:28 0 998
    Түрікмен полициясы әйелдердің көлік жүргізу куәлігін тартып алып жатыр (видео)
    21/02 12:17 0 145
    Туыстарына әскери өмірдің ұнағанын айтқан сарбаз өз-өзін атып өлтірген
    21/02 12:05 0 276

    Таныстырылғандар

    "Бір бала меннен "Жұмақта тамақ көп пе? деп сұрады"
    "Бір бала меннен "Жұмақта тамақ көп пе? деп сұрады"
    "Бір бала меннен "Жұмақта тамақ көп пе? деп сұрады"
    Назгүл Кенжетайдың зерттеулері шетелде жоғары бағаланған.
    Аудио тыңдау
    14/02/2019 14:08 0 1407
    Назарбаева: Журналистер елдің қамын ойлайды, олардың аузын жабуға болмайды
    Назарбаева: Журналистер елдің қамын ойлайды, олардың аузын жабуға болмайды
    Назарбаева: Журналистер елдің қамын ойлайды, олардың аузын жабуға болмайды
    Журналистер одағы деген бар, бірақ оның атын да естімейміз, не істеп жатқанынан да бейхабармыз.
    Аудио тыңдау
    14/02/2019 18:17 0 1272
    Депутат: "Мен әр балаға 20 мың теңгеден беру керек" деп айттым
    Депутат: "Мен әр балаға 20 мың теңгеден беру керек" деп айттым
    Депутат: "Мен әр балаға 20 мың теңгеден беру керек" деп айттым
    Жанұясы жайлы сөз қозғаған ол әйелінің декрет демалысында екенін айтты
    Аудио тыңдау
    15/02/2019 16:33 0 5357
    Ақтөбе облысында ең соңғы балалар үйі жабылды
    Ақтөбе облысында ең соңғы балалар үйі жабылды
    Ақтөбе облысында ең соңғы балалар үйі жабылды
    Бүгінде облыс бойынша жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған барлығы 1011 бала бар
    Аудио тыңдау
    19/02/2019 09:35 0 1377
    Қытайлар ғарышта күн электр станциясын салмақ
    Қытайлар ғарышта күн электр станциясын салмақ
    Қытайлар ғарышта күн электр станциясын салмақ
    Қытайлық ғалымдар орбиталық электр станция жасауды бастап кетті
    Аудио тыңдау
    19/02/2019 16:41 0 438
    Қос қарындасын жауыздықпен өлтірген жігіттің қылмысы бірнеше жылдан соң ашылды
    Қос қарындасын жауыздықпен өлтірген жігіттің қылмысы бірнеше жылдан соң ашылды
    Қос қарындасын жауыздықпен өлтірген жігіттің қылмысы бірнеше жылдан соң ашылды
    Қарындасын жек көретін 16 жастағы бозбала одан құтылудың жолын іздеп, ақыры өлтіріп тынады.
    Аудио тыңдау
    19/02/2019 17:27 1 4989
    Әкімін таппай қалған ауыл тұрғындары телеарна арқылы іздеу жариялады
    Әкімін таппай қалған ауыл тұрғындары телеарна арқылы іздеу жариялады
    Әкімін таппай қалған ауыл тұрғындары телеарна арқылы іздеу жариялады
    Тек көктемгі су тасқынында көрінетін шенділер есептеріне де өздеріне ыңғайлы жұртты шақырып күйдіреді, дейді
    Аудио тыңдау
    20/02/2019 10:30 0 1119
    Мәжіліс төрағасы Аустрияға ресми сапармен барды
    Мәжіліс төрағасы Аустрияға ресми сапармен барды
    Мәжіліс төрағасы Аустрияға ресми сапармен барды
    Сессия барысында Мәжіліс Төрағасының бірқатар екіжақты кездесулері жоспарланған
    Аудио тыңдау
    20/02/2019 11:00 0 159
    Бауыржан Байбек: Көлікті жарыса айдағысы келетіндер қаланың сыртына барыңдар
    Бауыржан Байбек: Көлікті жарыса айдағысы келетіндер қаланың сыртына барыңдар
    Бауыржан Байбек: Көлікті жарыса айдағысы келетіндер қаланың сыртына барыңдар
    Бүгін Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мегаполис халқының алдында есеп берді
    Аудио тыңдау
    20/02/2019 12:59 0 888
    Бауыржан Байбек: Полицейлер жайдан-жай пара алмайды...
    Бауыржан Байбек: Полицейлер жайдан-жай пара алмайды...
    Бауыржан Байбек: Полицейлер жайдан-жай пара алмайды...
    Сондықтан қазіргі полиция қызметкерлері барынша сақ болуға тырысып жүр
    Аудио тыңдау
    20/02/2019 13:02 0 550
    «Мұндай соғыс болмаған...» Ауған соғысы жайында 9 факт
    «Мұндай соғыс болмаған...» Ауған соғысы жайында 9 факт
    «Мұндай соғыс болмаған...» Ауған соғысы жайында 9 факт
    1979 жылдың желтоқсан айында Ауғанстан билігінің өтінішінен кейін кеңес әскерлері Ауғанстан жеріне кірген
    Аудио тыңдау
    20/02/2019 17:28 0 2150
    "Тәртіп сақтаңыздар!". Алматы әкімінің есептік кездесуінде шу шықты
    "Тәртіп сақтаңыздар!". Алматы әкімінің есептік кездесуінде шу шықты
    "Тәртіп сақтаңыздар!". Алматы әкімінің есептік кездесуінде шу шықты
    Құқық қорғау органдары алдын-ала бірнеше рет ескерту жасаса да, тәртіп бұзушылар шараның өтуіне барынша кедергі жасамақ болды.
    Аудио тыңдау
    20/02/2019 17:55 0 119
    Астаналықтардың үй мәселесін тек бюджет қаржысы есебінен шешу мүмкін емес - әкім орынбасары
    Астаналықтардың үй мәселесін тек бюджет қаржысы есебінен шешу мүмкін емес - әкім орынбасары
    Астаналықтардың үй мәселесін тек бюджет қаржысы есебінен шешу мүмкін емес - әкім орынбасары
    Астанада коммуналдық тұрғын үй қорында баспана кезегінде 45 мыңнан астам адам тұр
    Аудио тыңдау
    21/02/2019 10:38 0 213
    "Жануарларды азаптап, өнер көрсететін цирк қажет емес" – қоғам белсенділері
    "Жануарларды азаптап, өнер көрсететін цирк қажет емес" – қоғам белсенділері
    "Жануарларды азаптап, өнер көрсететін цирк қажет емес" – қоғам белсенділері
    "Елімізге цирк қажет емес!". Соңғы уақытта қоғам белсенділері осылай деп дабыл қағуда.
    21/02/2019 11:52 0 166
    Алматыда екі жігіт 35 жастағы әйелді буындырып, тонын шешіп алып кеткен (видео)
    Алматыда екі жігіт 35 жастағы әйелді буындырып, тонын шешіп алып кеткен (видео)
    Алматыда екі жігіт 35 жастағы әйелді буындырып, тонын шешіп алып кеткен (видео)
    Алматы Полиция департаментінде бұл жайтқа байланысты пікір білдірді
    Аудио тыңдау
    21/02/2019 12:28 0 1005