Желтоқсан көтерілісінің айбынын асыруға не кедергі?

Желтоқсан көтерілісінің айбынын асыруға не кедергі?
Ⓒqamshy.kz

Желтоқсан – қойдан қоңыр,  жылқыдан торы қазақтың 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінен соң тура жетпіс жылдан кейін бұқаралық бұрқ ете қалған ашу өрлігі, төтеннен бас көтерген алапат рух күші еді...  

Тәуелсіздіктің қайнар бастауы ретінде жанымызда үнемі жалау боп желбіреуі тиіс Желтоқсан көтерілісін жұлын-жүйкемізбен сезіне алмауымыздың себеп-салдарын іздесең, сандалған сан сұрақ алқымыңнан ала түседі. Соның біреуін ғана ілгек етсек, жоғарыдағы шен-шекпенділер әлі күнге дейін ұлттар достығына сызат түсіріп алмайық деген желеумен, берісі өз ішіміздегі орыс-орманға, арысы аю көршімізге қарап жалтақтап, Желтоқсанды «жабулы қазан жабулы күйінде» қалдыруды қалайтын сияқты.  Саяси баға беру мәселесіне келгенде Парламенттің, Үкіметтің 32 жыл бойы үн-түнсіз тырп етпей жатып алуы осыны ұқтырады.

Желтоқсан көтерілісінің айбынын асыруға не кедергі? Тым болмаса Кеңес Одағының тарихынан неге тағылым алмаймыз? 1916 жылы ұлт-азаттық көтерілісінің көсемдерін неге Кеңес өкіметі көкке көтерді? Себебі, олар патшалық Ресейді тағынан тайдыруға септесті.  Орыс халқына емес, ақ патшаның зұлым саясатына қарсы шығып, кектесті. Дәл осылай, желтоқсаншылар да қан уыстап туған Қызыл империяны тағынан тайдыруға септескен жоқ па, керек болса күресті бастап беріп, от кешкен жоқ па?! Орыс халқына емес, келмеске кеткен Компартияның зұлым саясатына қарсы шыққан жоқ па?! Ал сол Компартияның көзі құрығалы 27 жыл болыпты, ендеше, Желтоқсан көтерілісінің толыққанды саяси бағасын беруге неден жасқанамыз, кімнен тайсақтаймыз?!

Желтоқсанмен айбынымызды асырудың орнына, оның шыңғырған шындығын неге жасырып-жабуға тиіспіз? Желтоқсан арқылы езіп-жаншылған рухымызды неге көкке көтермейміз? Осыдан кейін кейінгі жастарға күрескерлік рух, отаншылдық қайдан дариды?!

Кеңес заманында оқушыларға патриоттық тәрбие беру үшін Ұлы Отан соғысының батырларын үлгі еттік, дәл солайша желтоқсаншылар отаншылдыққа тәрбиелеуде идеологиялық құрал бола алмай отыр. Бөтен бір елдің мүддесі жолында тер төгіп, еңбек сіңірген ауғандықтарды, чернобльшыларды ардақтаймыз, ал өз еліміздің тәуелсіздігі үшін қыршынынан қиылған, мүгедек болған, қан төккен желтоқсаншылардың мәртебесін неге солармен бірдей теңестіріп, ардақтамаймыз?! Бұрынғы Брежнев алаңында қыршынынан қиылған жастардың суреттерін өмірбаяндарымен  басты алаңға қаз-қатар іліп қойсақ, біреу қолымызды кесіп, тілімізді тесе ме?! Біле білсек, қанша жерден қанды, қаралы тарих болса да, алып империяны алғаш рет шырт ұйқысынан шошытып оятқан  мұндай ұлы жосын оқиға, КСРО-ның ыдырауының басы болған Желтоқсан көтерілісі – кез келген талайсыз халықтың маңдайына жазыла бермейтін бақыт! Ал бақытты басқа тебуге болмайды.

Қазақты қынадай қырған Ермак пен Колчак туралы фильмдер экрандарымызды жаулап алып жатқанда, біз жалғыз «Аллажар» фильмін дұрыстап көрсете де алмай отырмыз.  Жазалаушылардың атын атап, түсін түстей алмай отырмыз. Атағы дардай, бөркі қазандай азаматтарымыз қолымен істегенді мойнымен көтерудің  ұлы ерлік екенін әлі күнге дейін ұққан жоқ. Желтоқсан оқиғасын басып-жаншып алған орденінен бас тартқан қырғыз жігіті құрлы бола алмай отыр. Ал сын сағатта зиялыларымыз батыр бола алмаса да, сатқын болмауы керек еді.

Орыстар, украиндар, өзбектер өз тарихын көтеру, жастарына терең ұғындыру жолында үлкен жобалар жасап, көптеген игі жұмыстар атқарып жатыр. Өкінішке қарай, бізде ондай ірі жобалар әлі күнге іске аспай отыр. Бұл – өз тарихымызға атүсті қараушылық. Жалпы, Желтоқсан көтерілісі халықтың сана-сезімін оятуда, отансүйгіштікке тәрбиелеуде үлкен алғышарт болуы тиіс! Онсыз ештеңе өнбейді. Болашағымыз жарқын болмайды. Бұл – бір.

Екіншіден, алаңға шыққан жастарға қарсы әскер, милиция, өрт сөндіргіш машиналарымен жазалау шараларына нақты бұйрық берген кім? Қазіргі кезде бәрінің де айтатыны  – кінәлі тек қана Мәскеу. Шын мәнінде, жергілікті биліктің  қатысуынсыз бұл мәселе насырға шаппас еді, қан төгілмес еді. Ендеше, жастарға күш қолданудың артында тұрған өз еліміздегі қандай күштер? Әлі күнге дейін мұны ешкім кесіп айтқан жоқ. Екіншіден, көтерілістің өзін қас-қағым  сәтте кім бірінші болып ұйымдастырды, бұл жағынан да нақты ақпарат, деректер әлі күнге дейін жоқ.  Мұхтар Шахановтың жақсы бастап көтерген бастамасы ақыры аяқсыз қалды. Сондықтан бұл – Желтоқсан көтерілісін  халықтың назарынан тыс қалдыруды көздейтін өз арамызда мүдделі күштер бар деген сөз. Желтоқсанның ақиқаты осылайша айтылмай, шындық бүркемеленіп, ақтаңдақ болып қала берсе, кейіннен оларға жауап табу қиындай береді. Мұның бәрі бізге өткен тарихты дер кезінде біліп қана қоймай, одан жеткілікті сабақ алу үшін керек!

Үшіншіден, Желтоқсан көтерілісі жөнінде жазылған дүниелер: кітаптар, ғылыми мақалалар, тұжырымдар өз оқырмандарына жетпей жатыр. Желтоқсан көтерілісінің мән-маңызын жұрт арасында түсіндіруі тиісті Желтоқсанның айналасында жүрген көшбасшыларының ауызбіршілігі жоқ. Мәселен, бүгінгі таңда Желтоқсан атын жамылған әлденеше  қоғамдық ұйым тіркелген. Жалпы, мұның бәрі Желтоқсан көтерілісінің бүкіл қазақ халқын Тәуелсіздікке, тоталитарлық жүйеге қарсы елді біріктірген күшін түсіндіруге кері әсерін тигізеді. Сондықтан, ең аалдымен қазақ ұлтының бірлігі керек, қазақ халқының Желтоқсан жөніндегі түсінігі бір болу үшін Желтоқсанның айналасындағы ұйымдардың басы бірігуі керек. Ал оны ұйымдастыратын Биліктің өзі болуы тиіс. Сонда ғана Желтоқсан жөніндегі қоғамдық пікір өзгерер еді.

Төреғали ТӘШЕНОВ

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    "Парасатты тұлға" - Мұхтар Құл-Мұхаммед Тоқаев туралы пікір білдірді
    23/04 18:42 2 220
    2
    Тұрсынбай Құлахмет Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды (видео)
    23/04 15:47 0 180
    3
    Samsung компаниясы Galaxy Fold моделін шығаруды уақытша шегерді
    23/04 15:35 0 111
    Елбасы Nur Otan сьезінде көзіне жас алды (видео)
    23/04 14:58 0 311
    Еліміздегі әрбір бесінші автокөлік әйел адамға тиесілі
    23/04 14:34 0 695

    Таныстырылғандар

    "Обея бөлмесі"— бизнесте уақытты тиімді пайдаланудың жолы
    "Обея бөлмесі"— бизнесте уақытты тиімді пайдаланудың жолы
    "Обея бөлмесі"— бизнесте уақытты тиімді пайдаланудың жолы
    Обея бөлмесі қазіргі таңда көптеген елдің кәсіпте уақытты тиімді пайдаланудың жолын қарастыруға үлкен септігін тигізуде
    15/04/2019 13:55 0 561
    Оразаға дайындығың қалай?
    Оразаға дайындығың қалай?
    Оразаға дайындығың қалай?
    Ораза кезінде күш беретін тағамдармен қоректенуді, мөлшерімен жеуді, ағзаңызды да, санаңызды да аштықтың әкелер пайдасына дағдыландыруды дәл бүгіннен бастаңыз.
    19/04/2019 17:46 0 1382
    Сақ болыңыз: обырдың байқалмайтын белгілері
    Сақ болыңыз: обырдың байқалмайтын белгілері
    Сақ болыңыз: обырдың байқалмайтын белгілері
    Күніне екі немесе одан да көп шыныаяқ кофе ішетін адамдардағы өкпе қатерлі ісігінің қаупі 41 пайызға артады.
    16/04/2019 07:00 0 1350
    "Президент айтты екен деп Ұлттық банк базалық сыйақыны түсіре салмайды"
    "Президент айтты екен деп Ұлттық банк базалық сыйақыны түсіре салмайды"
    "Президент айтты екен деп Ұлттық банк базалық сыйақыны түсіре салмайды"
    Ұлттық банкке Тоқаевтың «базалық мөлшерлемені түсір» деген тапсырмасын орындау қиынға түсетін сыңайлы
    16/04/2019 09:19 0 1783
    Бұл Америка емес, Шарын шатқалы: ВВС арнасы Жетісу туралы ролик түсірді (видео)
    Бұл Америка емес, Шарын шатқалы: ВВС арнасы Жетісу туралы ролик түсірді (видео)
    Бұл Америка емес, Шарын шатқалы: ВВС арнасы Жетісу туралы ролик түсірді (видео)
    Кез-келген адам арнайы мобильді қосымша және сайт арқылы Алматы облысына виртуалды түрде саяхат жасай алады.
    16/04/2019 11:12 0 2546
    Жүйріктер топқа түсті
    Жүйріктер топқа түсті
    Жүйріктер топқа түсті
    Шын жүйрікке шаршы алаңда тұсау жоқ.
    16/04/2019 11:15 0 250
    Маскүнем әйел өзінің екі баласын үйімен бірге өртеп жіберген
    Маскүнем әйел өзінің екі баласын үйімен бірге өртеп жіберген
    Маскүнем әйел өзінің екі баласын үйімен бірге өртеп жіберген
    Қылмыскердің тағы екі баласы бар екен
    16/04/2019 13:08 0 1596
    Головкин жанкүйерлеріне уәде берді
    Головкин жанкүйерлеріне уәде берді
    Головкин жанкүйерлеріне уәде берді
    Кейін Головкиннің өзі кезекті жекпе-жек туралы пікірімен бөлісті.
    17/04/2019 05:31 0 842
    Ресейлік жүргізуші қостанайлықтан қазақ тілінде кешірім сұрады (видео)
    Ресейлік жүргізуші қостанайлықтан қазақ тілінде кешірім сұрады (видео)
    Ресейлік жүргізуші қостанайлықтан қазақ тілінде кешірім сұрады (видео)
    Ресейлік тележүргізуші Дмитрий Брейтенбихер қостанайлықтан қазақ тілінде кешірім сұрады
    17/04/2019 07:34 0 3266
    Экс-президент өзіне қол жұмсаған
    Экс-президент өзіне қол жұмсаған
    Экс-президент өзіне қол жұмсаған
    Перудің экс-президенті Алан Гарсиа өзін тұтқындауға келген сәтте өзіне өзі қол жұмсап,  ауруханада көз жұмды.
    18/04/2019 06:41 0 338
    Қазақстандық қаламгерлердің шығармалары әлемнің 6 тілінде басылып шықты
    Қазақстандық қаламгерлердің шығармалары әлемнің 6 тілінде басылып шықты
    Қазақстандық қаламгерлердің шығармалары әлемнің 6 тілінде басылып шықты
    Бұл кітаптар Алматыда Достық үйінде таныстырылды
    18/04/2019 12:30 0 419
    Кешегі бай қазақтың ұрпағы бүгін неге кедей? Қаржыгер жауап береді
    Кешегі бай қазақтың ұрпағы бүгін неге кедей? Қаржыгер жауап береді
    Кешегі бай қазақтың ұрпағы бүгін неге кедей? Қаржыгер жауап береді
    Адамдар инвестицияны Қытайдан күтеді. Неге?
    19/04/2019 11:06 0 1791
    Президент келетін кезде ғана жыртығымыз жамала ма?..
    Президент келетін кезде ғана жыртығымыз жамала ма?..
    Президент келетін кезде ғана жыртығымыз жамала ма?..
    Алматы облысыны қарасты Үштөбе қаласында да дәл қазір осындай қарбалас болып жатыр
    19/04/2019 12:07 0 1507
    Үшемге жүкті болған келіншек егіз босанды
    Үшемге жүкті болған келіншек егіз босанды
    Үшемге жүкті болған келіншек егіз босанды
    2018 жылдың қыркүйегінде жүктіліктің екі айлық кезінде Гүлзина Джалал-Абадта УДЗ-ге түседі. Зерттеу оның жатырында үш эмбрион барын көрсеткен.
    19/04/2019 17:33 0 558
    Еліміздегі әрбір бесінші автокөлік әйел адамға тиесілі
    Еліміздегі әрбір бесінші автокөлік әйел адамға тиесілі
    Еліміздегі әрбір бесінші автокөлік әйел адамға тиесілі
    Көлік сатылымынан қай қала көш басады?
    23/04/2019 14:34 0 695