• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:55:16
Алматы
+35°

21 Шілде, 2018 NEWS

Желіде сурет жүктеп отырған қолданушы Денисті өлтірді деген күдікті ме?

Желіде өзін nuraly_kiyasov деп сақтаған қолданушы дәл сол күдікті ме, жоқ па, ол жағы беймәлім.

Instagram-да Денис Тенді өлтірді деген күдіктімен аттас желі қолданушысы соңғы 12 сағатта біртүрлі жазбалар қалдырған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Желіде өзін nuraly_kiyasov деп сақтаған қолданушы дәл сол күдікті ме, жоқ па, ол жағы беймәлім. Алайда 24 сағат ішінде жарияланған мына жазбаларға назар салсаңыздар дейміз.

19 шілде күні бүкіл қазаққа ортақ қайғылы оқиға орын алған еді. Мәнерлеп сырғанау шебері, Қазақстанды әлемге танытып жүрген даңқты спортшы Денис Тен пышақ жарақатынан кеше кешкі сағат 17.30-да қайтыс болды.

Деректерге сүйенсек, тапа-тал түсте Денис Тен көлігінен айна ұрламақ болған ұрының қолынан қаза тапты. Полиция қызметкерлері бір тәулікке жеткізбей екі күдіктіні де ұстады. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Күдіктінің бірі 1994 жылғы Жамбыл тумасы Нұралы Қиясов кінәсін мойындағанымен, бұл оқиғаға қатысты көптің көкейінде күдік басым болып тұр. Осыған орай Qamshy.kz ақпарат агенттігі күдіктілер жайлы ақпарат іздеуге көшті. Нәтижесінде Instagram желісінде Нұрлан Қиясов есімді қолданушыны көзіміз шалды.

Нұралы Қиясов

Мәселен, осыдан 3 сағат бұрын жариялаған суретінде былай делінген: «Саған ешкім сенгісі келмесе, ақталу да мүмкін емес».

Нұралы Қиясов

Әрі 3 сағат бұрын түрме ішінен сурет жарияланған.

Нұралы Қиясов

Сонымен қатар «Мені расында кінәлі деп ойлайсыз ба?» деген сауал тастапты. Оған желі қолданушыларының 64 пайызы «Иә» деп жауап қатқан.

Нұралы Қиясов

Бұл деректердің рас-өтірігі белгісіз. Полиция қызметкерлерінің арасында жүрген күдікті өз парақшасын жүргізіп отыра алмайтыны анық. Дей тұрғанмен спортшының қазасы жұмбаққа толы екенін мойындауымыз керек. Тапа-тал түсте, адам көп жүретін орында беделді спортшының өлтірілуі расында көптің көкейіне мың сауал әкеледі. Шешімін табу уақыт еншісінде. Ал бізде тергеу жұмыстары әділ жүргізілсе деген тілек бар.

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір