• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 04:44:59
Алматы
+35°

03 Шілде, 2018 Денсаулық

Жедел жәрдем "өлді" деген әйел тірі болып шықты

Айта кетерлігі, мұндай жағдай бірінші рет орын алып жатқан жоқ. 2018 жылдың қаңтарында испандық түрмеде жазасын өтеп жүрген қылмыскер мәйітханада оянып кеткен

ОАР тұрғынының аты-жөнін дәл қазір жасырып отыр. Алайда оның басынан кешкен жағдайы сұмдық. 24 маусым күні жол-көлік апатына түскен оны жедел жәрдем өлімнен арашалап алғысы-ақ келеді, бірақ көмек келгенде әйел көз жұмып кеткен делінеді. Distress Alert жедел жәрдем компаниясы өздерінің кінәлары жоқ екенін, әйел шынымен де тірі болмағанын айтып ақталуда дейді TimesLive деген оңтүстік африкалық жаңалықтар сайты.

Қысқасы, жедел жәрдем «өлді» деп шешім шығарып берген әйел жергелікті мәйітхананың мұздатқышында оянып кетеді. Мәйітхана қызметкері мүрдені тексеруге келгенде әйелдің тыныс алып жатқанын байқап шошып кеткен. Қазіргі таңда науқас ауруханада ем қабылдап жатыр делінеді.

Айта кетерлігі, мұндай жағдай бірінші рет орын алып жатқан жоқ. 2018 жылдың қаңтарында испандық түрмеде жазасын өтеп жүрген қылмыскер де мәйітханада оянып кеткен. Оған дейін оны үш дәрігер бақылап, «өлді» деген шешім шығарғанын еске салайық.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір