• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 05:48:12
Алматы
+35°

06 Мамыр, 2019 Оқиғалар

Америкалық Небраска штатында ер адам көшеде келе жатып, байқаусызда тапаншадан өзінің шат тұсына атып жіберді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі WIBW ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Линкольн қаласының полиция қызметкерлерінің айтуынша, оқиға 1-мамыр күні орын алған. 32 жастағы Питер Якобссон (Peter Jacobsson) көшеде келе жатқанда, қалтасынан тапанша түсіп қалады. Қару жерге соғылып, кездейсоқ одан оқ атылады. Атылған оқ тапанша иесінің өзін жаралаған болып отыр.  

Америкалық азамат жергілікті ауруханаға жатқызылып, оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Ер адам ажалдан аман қалды. Енді Якобссон заңсыз қару сақтағаны және қала ішінде жасаған атысы үшін сот алдыңда жауап береді.

Ұсынған: Ильдар Адильченов

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір