• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 23:42:39
Алматы
+35°

18 Қыркүйек, 2018 NEWS

Жаяу, алыс емес жұмыс та, Сұлтанов мырза!

Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов жұмысқа жаяу баруды әдетке айналдырғанын айтты

Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов жұмысқа жаяу баруды әдетке айналдырғанын айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Осыған дейін біз "Алма жеген әкім "жұмақтан" қуылмаймын десе біздің кеңеске құлақ түрсін" атты материал жариялағанбыз. Бірақ аталмыш материалда "әкім автобуспен жүрсін", деген ұсыныс айтқан едік. Бүгін Сұлтанов "үйім офиске жақын болған соң жұмысқа жаяу барып жүрмін", деп мақтанғандай болыпты. Алайда кейде таксиге мініп те жүр екен. Иә, әкім болу оңай емес...

"Жұмыс күнім қаланы аралаудан басталады. Мен бұрын да жұмысқа жаяу баратынмын. Ал қазір үйім жұмысқа жақын. Әкім болғанның бір жақсысы — таза ауада көп жүресің. Өйткені елорда тіршілігін қамтамасыз ететін нысандарды аралау керек. Бүгін менің осы қызметке келгеніме бір апта болды. Осы аралықта көлік, қысқа дайындық, жылу беру маусымына дайындық қалай жүріп жатқанын тексеріп шықтым. Аулаларды абаттандыруға қатысты бірқатар мәселені қарастырдық. Қала шетіндегі елді-мекендерді назарда ұстаған жөн", - депті Бақыт Сұлтанов. 

Негізі офисі үйіне жақын адамдар жұмысқа жаяу баратын еді.  Жарайды, Қазақстанда ең болмаса бір әкім қара жаяу жүрсе, жайлап-жайлап өзгерістер орын ала бастады деп сенейік. 

Сонымен бірге экс-министр қазіргі Қаржы министрі Әлихан Смайыловқа өзінің ақыл-кеңесін де аямай айтып үлгеріпті. 

"Жаңа Қаржы министріне даналық тілеймін, әрине. Себебі бүгінде қойылатын талап та жоғары, қауіп-қатерлер де көп. Елімізді дамыту бойынша қаншама міндеттер тұр. Сондықтан Қаржы министрі үнемі әр шешімін ақылға салып қабылдағаны дұрыс. Оның бойында сараңдық та, қыңырлық та, елдің қаржылық жүйесін дамытуға жағдай жасау үшін көрегенділік те болуы қажет", — дейді экс-министр. 

Біздің министрлерде даналық қайдам, бірақ сараңдық барына сенуге болады. Сұлтановтың неліктен болашақ министрге көптеген шендінің бойынан табыла бермейтін әділдікті тілеп, сөзге тиек етпегенін түсінбедік. Ал біз Сұлтановтың халықты күлкіге қарық қылатын емес, халықты сүйсіндіретін мәлімдемелер жасауын тілейміз!

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір