25Қыркүйек

Жау алдында тізе бүкпеген қазақ жігітінің «тізерлеуі» сәнге айналды

Жау алдында тізе бүкпеген қазақ жігітінің «тізерлеуі» сәнге айналды

Қазақтың жігіті кезінде өлімнен ұятты, сезімнен намысты биік қойған. Жау алдында өліп кетсе де бас имейтін, тізе бүкпейтін, жауырынын жерге тигізбейтін. Сол себепті бұрынғы заманда әйелдер күйеуінің алдында көп сөйлеу тұрмақ қарсы пікірін жанамалап, астарлап түсіндірген, жерден алып, жерге салмаған. Сондықтан да сол заманда ер адамдар әйелдерден бір саты жоғары тұрып, қадірлі болған. Алтын басты қырық жандыдан бақыр басты қамшы ұстаған артығырақ, сөзі өтімдірек болды. Бұрынғы қазақ батыры әйеліне сөзін өткізе алған, алайда ақылын тыңдай да алған.

Менің пікірім, ойым нәзік жаратылыс иелеріне ұнамауы әбден мүмкін. Алайда жігіттің қыздың алдында тізерлеп тұрып, «Маған тұрмысқа шықшы», — деп өтініш жасауы қазақ жігітіне үлкен сын. Бұл пікірімнен қайтпақ емеспін. Мен қазақ қызы ретінде өзімнің болашақ жарымның елдің көзінше тізерлеп, маған ұсыныс жасап, өзінің деңгейін, намысын түсіргенін қабылдамас та, қаламас та едім. Мен дәл сол сәтте бас тартатын да шығармын. Себебі мен армандаған, мен қиялдаған жігіт маған сөзін өткізе алатын, мені өзінің айтқанымен «жүргізіп-тұрғызатын» болуы тиіс. Бұл сөзімді әркім әрқалай түсінер, алайда дұрысы – осы.  Себебі ер адам әйел затынан қашан да бір саты жоғары тұрады, әйел адам ерінің айтқанын орындау керек деген дәстүрде де, шариғатта да бар. Шариғатта ер адамдарға «әйеліңе аманат ретінде қара», - деген бұйрық бар. Ал күйеуі мен әйелі бір-біріне мейіріммен қарауы, қалжыңдасып ойнауы сүннет амалға жатады. Қазақ та бұл сүннетті де ұстанған, амал еткен. Алайда көпшіліктің көзінше емес....

Ал қазір көшеде әйелінің не сүйіктісінің сөмкесін асынған жігіттер мен елдің көзінше сүйіктісіне тізерлеп тұрып ұсыныс жасайтын романтиксымақтарды жиі кездестіре аламыз. Мен ер адам өз сүйгеніне, жарына сыйлық жасамасын, сыпайылық көрсетпесін демеймін. Алайда әр дүниенің шеті, шегі деген болатынын естен шығармаған абзал. Шетелдің жігіттеріне не істесе де жарасады: шаш бояса да, қыз секілді боянса да, сырға тақса да, әйелінің сөмкесін асынса да, тіпті әйелін алақанына салып, көтеріп жүрсе де... Ал кезінде атқа мініп, жауға шапқан «Алаш» деп ұрандап, елі үшін өзінің қасық қанын қиған қазаққа бұл әрекеттер жараспақ емес. Ұсынысты тізерлемей-ақ та жасауға болады емес пе? Жоқ әлде қазақтың қыздарына тізерлеп тұрып ұсыныс жасамаса олар келісім бермейді ме? Шетелдің қыздары келісім бермеуі мүмкін, әрине. Себебі бұл үрдіс олардың менталитетіне сіңіп қалған.

 Иә ұлттық идеологияға берілмей-ақ, сыртынан қарағанда «не деген сезім, не деген махаббат», - деп ойлайтының да рас. Алайда ұлттық идеологияны, ұлттық сананы шетке ысыра берсек ұлттық құндылығымыздан айырылатынымыз тағы бар. Біздің қазір ақсап тұрған жеріміз де осы емес пе? Шетелге еліктеуден алдымызға жан салмаймыз, өзіміздің дүниені жаңғыртуға келгенде аузымызды құмға толтырғандай үнсіз отырамыз. Шетелге еліктегелі қандай ел болдық, осыны ойландық па? Некесіз баланы да, қоқысқа тасталған шақалақты да, қызға айналған еркекті де, еркектен асып балағаттаған әйелді де, көшеде ішіп алып, төбелескен қазақ қызын да, соларды мазақ қылған қазақтың «намысқой» жігіттерін де көрдік. Біз көрмеген тағы не қалды? Жақын арады шетелге еліктеген қыздарымыз жігітке, ұлдарымыз қызға айналса да таңғалмайтын шығармыз. Себебі қазіргі қоғамды таңғалдыру қиын болып бара жатыр. Дәретханадан жаңа туылған сәби табылды десек «тағы да ма?» дейтін кезге жеттік. Ең сорақысы да – осы. Бұның бәрі жігіттердің тізерлеп ұсыныс жасауына қандай қатысы бар деп ойласаңыз тіптен қателесесіз. Себебі біз өз құндылығымызды шетелдің қоқыста жатқан ұсақ-түйегіне айырбастап жатырмыз. Оны өзіміз де байқамаймыз.

Болашақ жарына тізерлеп ұсыныс жасаған жігіт әйелінің сөзін сөйлейтін болып алады. Жарайды барлығы демей-ақ қояйын. Алайда қазіргі көп жігіттер анасына сыйламаған гүлді айдаладағы қызға сыйлап, анасының бетінен сүйіп, басын имеген жігіт өзге қыздың алдында тізерлеп, жалынып, жалбарынуы шектен шыққандық. Қазіргі отбасын неге әйелдер билейді? Еркектер неге әйелінің айтқанынан шыға алмай, айдауына көніп, төзіп отырады? Осы сұрақтардың жауабы біреу ғана. Ол қазақ жігітінің жігерсіздігі мен әйелдің алдында тізерлеуі. Әлі әйелі болмаған қыздың алдында тізе бүккен еркек отбасы болған соң тізе бүгіп, басын иіп жүре береді. Көнеді, төзеді, амалы жоқ... Себебі басынан-ақ жігіт қыздың алдында тізе бүкті, айтқанына көнді, басына шығарды. Бұл жағдайдан кейін барлығы мүмкін әйел адамға тікелей байланысты болатын шығар. Шығар емес солай болады. Данышпан әйел күйеуін хандай көріп, ханның әйелі болады, ақымақ әйел күйеуін жалшы қылып жалшының әйелі атанады. Түсінгенге бұл сөздің астында тағы бір үлкен көлемдегі мақала жатыр...

Әсел Болатқызы

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


  • 10 ай бұрын

    жетесине жеткизе жазыпсын,жарайсын карындасым.сол енбектеп,тонкайып жургендер елдин алдында,сахнада журген сайкымазактар гой.

    • 10 ай бұрын

      Жарайсың,міне көргенді деп осыны айт!

      • 10 ай бұрын

        Тереңге үңіліп, арыдан ойлайтын сіңлілеріміздің барына шүкір.

        1
        Балаларды діни бағытта тәрбиелеген балабақшалар анықталды
        25/09 17:16 0 187
        2
        Қазақстанның запастағы офицерлері әскери жиынға тартылды
        25/09 17:13 0 1694
        3
        NUR.KZ журналисін өлтіріп кетті
        25/09 16:54 0 646
        Алматыда «Ұлттық терминжасам ұстанымдары: теория және практика» тақырыбында семинар-кеңес өтті
        25/09 16:31 0 215
        АҚШ-тағы Әз-Жәнібек ханның дулығасын Қазақстанға әкелсек...
        25/09 16:24 0 1395

        Таныстырылғандар

        Көмір тапшылығы: Астанада көмірді қайдан сатып алуға болады
        Көмір тапшылығы: Астанада көмірді қайдан сатып алуға болады
        Көмір тапшылығы: Астанада көмірді қайдан сатып алуға болады
        17-сі мен 25-ші тамыз аралығында астанаға 90 вагон немесе 6223 тонна көмір келіп түсті.
        28/08/2018 16:30 0 1056
        Некелеспеген ер мен әйел бірге билесе, онда ол той халал емес...
        Некелеспеген ер мен әйел бірге билесе, онда ол той халал емес...
        Некелеспеген ер мен әйел бірге билесе, онда ол той халал емес...
        Бұдан бөлек біздің тойдағы көңіл көтеруді де ескерген жөн. Біздегі тойларда музыка қойылып, ән айтылады, жастар шығып би билейді.
        29/08/2018 00:26 0 5667
        ҚМДБ: 61191 отбасына 439 тонна құрбандық еті таратылды
        ҚМДБ: 61191 отбасына 439 тонна құрбандық еті таратылды
        ҚМДБ: 61191 отбасына 439 тонна құрбандық еті таратылды
        "Құрбан айтта қуандыр" атты қайырымдылық акциясына еліміз бойынша 2 мыңнан астам мешіт үлес қосты.
        29/08/2018 11:21 0 952
        Қазақтың ризық-несібесін шашу осылай басталған
        Қазақтың ризық-несібесін шашу осылай басталған
        Қазақтың ризық-несібесін шашу осылай басталған
        Әрине, әуелі өзімнің Олжас Сүлейменовты тұлға ретінде құрметтейтінімді айта кеткім келеді. Әрине, оның ядролық қаруға тыйым салу, Семейдегі ...
        03/09/2018 16:21 0 3151
        «Өзім жетім болсам да, тілім жетімсіремесін» деген Мұқағалидың қолынан қамшы түспесін дейік
        «Өзім жетім болсам да, тілім жетімсіремесін» деген Мұқағалидың қолынан қамшы түспесін дейік
        «Өзім жетім болсам да, тілім жетімсіремесін» деген Мұқағалидың қолынан қамшы түспесін дейік
        «Ауруханадағы жеңіс менікі емес, халықтыкі», - деген жігіт өзін қолдаған барша қазақстандықтарға алғыс білдірді.
        04/09/2018 11:55 0 2415
        Шымкенттік ару: Кореяда тұрсам да, кәріске тұрмысқа шықпаймын
        Шымкенттік ару: Кореяда тұрсам да, кәріске тұрмысқа шықпаймын
        Шымкенттік ару: Кореяда тұрсам да, кәріске тұрмысқа шықпаймын
        Кореяның көші-қон полициясы отандастарымызды қуып, тіпті қамап жатқан көрінеді. Ал әуежайда тексеріс күшейіп, талап та қатайған.
        05/09/2018 11:30 0 2714
        "Жат жерде көз жұмған бауырымның Сирияда қалған балаларын елге қайтара алмай отырмыз"
        "Жат жерде көз жұмған бауырымның Сирияда қалған балаларын елге қайтара алмай отырмыз"
        "Жат жерде көз жұмған бауырымның Сирияда қалған балаларын елге қайтара алмай отырмыз"
        Біз 90 отбасымыз. Сол 90 отбасының 135 кішкентай бүлдіршіндері біреуге немере, біреуге бауыр.
        07/09/2018 14:48 0 1313
        Алматы облысының әкімдігі Сөгетідегі жағдайға байланысты жауап берді
        Алматы облысының әкімдігі Сөгетідегі жағдайға байланысты жауап берді
        Алматы облысының әкімдігі Сөгетідегі жағдайға байланысты жауап берді
        2018 жылдың 12 қыркүйегінде ішкі істер органдарына қайта арыз беріліп, құбырларды қазуға қатысты жүргізіліп жатқан жұмыстарды тоқтату бойынша шара қабылданды.
        13/09/2018 17:36 0 2450
        Қазақша оқуды қалаған Никита мен Лиза қазақ ұлтына қызмет еткісі келеді
        Қазақша оқуды қалаған Никита мен Лиза қазақ ұлтына қызмет еткісі келеді
        Қазақша оқуды қалаған Никита мен Лиза қазақ ұлтына қызмет еткісі келеді
        Никита мен Лиза Павлодар облысының ғана емес, бүкіл Қазақстанның мақтанышына айналып үлгерді.
        17/09/2018 13:15 0 5538
        Өлімге асығып тұрамын... (Ермұхан атаның айтқаны)
        Өлімге асығып тұрамын... (Ермұхан атаның айтқаны)
        Өлімге асығып тұрамын... (Ермұхан атаның айтқаны)
        Сұмдық-ай, күйеуінің әке-шешесін сыйламаған келіннің, соңынан еріп ата-анасынан безген баланың ана дүниеде жазасы болар.
        17/09/2018 13:47 0 3277
        "Халық банк" салық банкке айналғалы қай заман...
        "Халық банк" салық банкке айналғалы қай заман...
        "Халық банк" салық банкке айналғалы қай заман...
        "Халық Банктегі" бедірейген менеджерден сақта, кекірейген бөлім бастығынан сақта, қозғалмайтын кезектен сақта, картаңды қағар есептен сақта!"
        18/09/2018 14:51 3 6202
        Үлкенге қол көтерген Түркия азаматы кешірім сұрады (видео)
        Үлкенге қол көтерген Түркия азаматы кешірім сұрады (видео)
        Үлкенге қол көтерген Түркия азаматы кешірім сұрады (видео)
        Әлеуметтік желіде жедел жәрдем жүргізушісіне қол көтерген Түркия азаматының кешірім сұраған видеосы таралды
        21/09/2018 11:55 0 2365
        «Орыс емес, орысқұлдар қауіпті» топтамасынан 5 жыр
        «Орыс емес, орысқұлдар қауіпті» топтамасынан 5 жыр
        «Орыс емес, орысқұлдар қауіпті» топтамасынан 5 жыр
        Қырғыздардың жүрек жұтқан ерлігі біз Қазаққа үлгі болмай келеді-ау.
        22/09/2018 12:16 0 2195
        Ежелгі қазақтар қалай амандасқан?
        Ежелгі қазақтар қалай амандасқан?
        Ежелгі қазақтар қалай амандасқан?
        Қарақыпшақ Қобыланды батыр атамыз сияқты амандасу салты қазаққа ауадай қажет болып тұрған сыңайлы.
        24/09/2018 09:42 0 1502
        Жоқшылықпен күрескен қос мұңлық һәм қымбатқа түскен жайнамаз...
        Жоқшылықпен күрескен қос мұңлық һәм қымбатқа түскен жайнамаз...
        Жоқшылықпен күрескен қос мұңлық һәм қымбатқа түскен жайнамаз...
        Екі құрбыға да көп балалы ана болу бақыты бұйырды, бірақ 7-8 баласы бар олар бақытты ма?
        24/09/2018 13:24 0 8676