• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 22:59:39
Алматы
+35°

29 Тамыз, 2018 Экономика

Жастар қай салаға көп қызығады

2012-2017 жылдар аралығында 15 пен 28 жас аралығындағы жастар арасында жұмыссыздық деңгейі 5,4%-дан 3,9%-ға қысқарды.

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,9% қысқарды. Басқа облыстармен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі Алматыда 6,5%-ға көп.

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2018 жылдың бірінші тоқсанында 3,9% болды. Былтыр - 4,1% болатын. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі жалдамалы жұмысшылардың 3,1%-ға артуымен байланысты. Яғни 1,5-дан 1,6-ға өсті. Өзін жұмыспен қамтамасыз етіп отырғандар 7,9% қысқарып, 455,6 мың адам болды (2017 жылы 494,9 мың адам).  

Жұмыс күші саны өзгермеді десе де болады. Жылына небәрі - 0,2%. Жұмыспен қамтылғандар 0,4%-ға өсті (8,6 мың адам).

Жұмыс күшіне кірмейтіндердің саны 3,5% қысқарды. Яғни 1,41 миллион адамнан 1,36 миллионға.

2012-2017 жылдар аралығында 15 пен 28 жас аралығындағы жастар арасында жұмыссыздық деңгейі 5,4%-дан 3,9%-ға қысқарды.

2018 жылы Қазақстанда 82,4 мың адам жұмыссыз. Бұл былтырмен салыстырғанда 4,8%-ға аз. 2017 жылы жұмыссыздар - 86,6 мың болатын.

Жұмыссыз жастардың көбі Алматыда. Оңтүстік астанада 15,5 мың жұмыссыз жас бар. Бұл -  18,8%-ға тең.

Екінші орында Түркістан облысы. Онда жұмыссыз жастар 8,7 мың. Көшбасшы үштікті 7,2 мың көрсеткішпен Қарағанды облысы тәмамдайды. Бір жыл бұрын 7,1 мың жұмыссыз болған.

Астанада жастар арасындағы жұмыссыздар саны - 6,3 мың адам. Бір жыл бұрын – 6,1 мың адам болған.

Жұмыссыздар саны әдеттегідей СҚО-да аз. СҚО-дағы жұмыссыздар саны - 1,5 мың адам. 2017 жылы 1,3 адам болған.

Жастар арасында сауда мен көлік және мотоциклді жөндеу жұмыстарымен айналысатындар бірінші орында тұр. Бұл салада  335,6 жас жұмыс істеп жатыр.

Екінші орында – ауылшаруашылық пен орман шаруашылығы және балық шаруашылығы 276,7 мың адам болды.

Білім саласында жұмыс істейтін жастар 229,2 мың. Өндірісте 221,7 адам бар. Көшбасшы бестікте – құрылыс саласы бар. Еңбек етіп жатқан жастар арасында 149,5 мың адам құрылыс саласында жұмыс істеп жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір