• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 14:30:15
Алматы
+35°

17 Сәуір, 2019 Оқиғалар

Үйлену тойларында шар, лента, гүлдермен безендірілген тракторлармен қыдырған жас жұбайлар желіні шулатты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Дереккөздеріне сүйенсек, жас жұбайлар Түркістан облысының тұрғындары екен. Әдетте, қымбат көлікке құмартып, үйлену тойларына лимузин жалдайтын жас жұбайларға көз үйренген халық бұл жұптың әрекетін қызық көріп, таң қалды.

Мұндай ерекше кортеж иесі Дархан мен Марал былтыр отау құрған. Дархан тойларының ерекше өтуін қалап, достары, туыс, ауылдастарымен ақылдасып, трактормен қыдыруды жөн санапты. Қалыңдық бұл туралы дәл тойдың алдында ғана білген. Күйеу жігіттің идеясын ауылдағы тракторшылар қолдап, үлес қосқан. Олар да өз тракторларын сәндеп, кортеж қатарына қосылған екен.

Ұсынған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір