• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 04:15:19
Алматы
+35°

13 Желтоқсан, 2017 Әдебиет

Жас жігіттің қанын ішсең, дертіңнен айығасың...

Садақа мен жақсылық жүректі тыныштандырады.

Баяғыда бір қатыгез патша әрі бай болыпты. Бірақ ол патша сондай ауырады екен. Жүрегі қобалжып, тынбай дірілдеп тұратын дертке шалдығыпты. Бір күні әлгі патшаға бір оташы-емші келіп:– Мен сенің дертіңді емдеймін, сен менің айтқанымды қыла алсаң – депті. Патша:-Талай сен сияқты емшілер емдеймін деп басынан айырылды. Сен не айтсаң да ауруымнан айығу үшін жасаймын – депті. Сонда оташы-дәрігер:-Бір сұлу жап-жас 15-16 жастағы жігіттің қанын жылыдай ішсең, дертіңнен құлан таза айығып кетесің,-депті. Патша: —Ол оңай ғой, – деп қызметкерлеріне сұлу жас жігіт тауып әкелуді бұйырыпты. Қызметкерлері ертеңінде-ақ бір кедей шал мен кемпірдің 16 жастағы баласын алып келіпті. Патша шал мен кемпірге:—,Мен ауруымнан айығуым үшін сендердің ұлдарыңнын қанын ішуім керек, екі қап алтын берем? екі қап алтын берем?- деп сұрапты. Шал мен кемпір патшанын зұлымдығынан қорқып разылықтарын білдіріпті. Кейін патша қазыны шақырып:—Мен мына жігіттің қанын ішпекпін, мұның дініміздегі пәтуасы қалай?-деп сұрапты. Қазы:-Әміршім, сіз үшін бұл адал ғой деп – пәтуәсын беріпті. Сөйтіп қасапшыны шақырып жігітті алып кетейін деп жатса, жас жігіт жоғары қарап сондай егіліп жылап тұр екен. Патша:—Әй, жігіт сонша неге егіліп жылап тұрсың,-деп сұрапты. Жігіт:—Әй, хан ием! Мен ана шал мен кемпірдің құдайдан тілеп алған жалғызы едім. Олар менен кейін енді перзент көрмейді. Бірақ олар мені екі қап алтынға сатып жіберді. Адам баласы жер бетінде мұңын айтып әділдікті қазыдан күтеді. Бірақ мына қазы сізден қорқып менің қанымды ішуіңізді адал деп пәтуә берді. Ол Құдайдан қорқып пәтуә берген жоқ ол сізден қорқып әрі мансабынан айырылып қалмау үшін жалған пәтуә берді. Адам мұңын патшаға айтады, бірақ сіз менен гөрі өз жаныңызды артық көріп тұрсыз. Сол себепті мен бүкіл әлемдерің Раббысына мұңымды айтып жылап тұрмын, – дейді. Сонда патшаның жүрегі жібіп:—Бара бер боссың, екі қап алтынды сендерге берген садақам болсын – деп айналып кете бергенде жүрегінің соғуы әдеттегі соғуынан өзгеріп, қобалжуы, дірілі жоғалып тынышталып қалыпты. 
Садақа мен жақсылық жүректі тыныштандырады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір