• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:21:36
Алматы
+35°

08 Ақпан, 2019 NEWS

Жас отбасыларға қашан пәтер беріле бастайды?

ҚР Әлеуметтік даму министрі Дархан Қалетаев жас отбасыларға пәтер қашаннан беріле бастайтынын айтты

Қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаев жас отбасыларға пәтер қашаннан беріле бастайтынын айтты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Біз айдың соңына дейін негізгі ұсыныстарды әзірлеуді жоспарлап отырмыз. Оларды дайындап қойғанбыз, қазір тиісті министрліктермен бұл мәселені талқылап жатырмыз», - деп айтып өтті министр Қалетаев.

Оның айтуынша, негізгі жұмыстар үш мегаполистің әкімдігіне тапсырылады.

«Пәтерлерді біз бермейміз, жергілікті атқарушы органдар беретін болады. Біз басты критерийлерін дайындаймыз, ал қалған жұмыстарды үш мегаполистің әкімдіктері атқарады. Елбасы Алматы, Астана және Шымкент қалаларына 1 мың пәтер бөлді», - дейді Дархан Қалетаев.

Сондай-ақ, министр өз сөзінде ағымдағы жылы дейін жас отбасыларға арналған пәтерлер салынбайтынын айтып өтті.

«Жас отбасыларға арналған бір типті үйлер жоқ болғандықтан, биыл нарықтан 40-50 шаршыметрді құрайтын пәтерлерді сатып алуға шешім қабылданды. Ал келесі жылдан бастап оларға пәтер салу жұмыстары басталады», - деп айтты Дархан Қалетаев.

«Біз жастар саясатына жауапты орган болғандықтан пәтерлер арзандау берілгенін қалаймыз, бірақ барлығы да нарықтағы бағаға байланысты. Жастардың жағдайы қаншалықты жететініне қарап шешім қабылдайтын боламыз. Бұл іске қаражат әкімдік тарапынан бөлінеді. Ал бюджеттің қаржысы Елбасының тапсырмасымен бөлінді», - дейді министр Қалетаев.

Ұсынған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір