• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 10:33:59
Алматы
+35°

28 Қаңтар, 2019 Аймақтар

Жас кәсіпкерлерді қолдауға арналған бағдарлама әзірлеу ұсынылды

Үкіметке «Бизнес – 2020» жол картасы бағдарламасы аясында сол жас кәсіпкерлерге бөлінетін қаржы көлемін екі есеге арттыруды тапсырды

Мемлекет басшысы Жастар жылының ашылуына арналған салтанатты жиында жас кәсіпкерлерді қолдауға арналған бағдарлама әзірлеуді ұсынды. Сондай-ақ, Үкіметке «Бизнес – 2020» жол картасы бағдарламасы аясында сол жас кәсіпкерлерге бөлінетін қаржы көлемін екі есеге арттыруды тапсырды. Сол арқылы үш жылда шамамен 300 мыңға жуық жас бизнестің қыр-сырын меңгеріп шығуы тиіс.

Бизнеспен айналысамын деген жас кәсіпкерлер бірінші кезекте ағылшын тілін меңгеріп алса екен деген тілегім бар. Өйткені, бүгінгі таңда дүниежүзіндегі құнды дерек көздерінің 80 пайызы ағылшын тілінде жарық көреді. Егер біз әлемдегі озық мемлекеттермен тереземізді теңестіргіміз келсе, әлемдегі соңғы жаңалықтардан құлағдар болып, уақыт көшінен қалмай ілесіп отырғымыз келсе, тілді жетік білуіміз қажет.

Біздің Халықаралық бизнес университеті (University of International Business) – жоғары білімді білікті мамандарды даярлауда тәжірибесі бар, экономиканың түрлі саласында бизнес жүргізуге қабілетті және көшбасшы бола алатын өзіндік қазіргі заманғы бизнес-мектеп. Біз әр студент пен тыңдаушыға жоғары және жоғары оқу орнынан кейін кәсіби білім беру траекториясын құра отырып, өзінің ең жоғары мансаптық мақсаттарын жүзеге асыруға мүмкіндік береміз.

Президент университеттің жоғарғы курстарында оқитын студенттерді де бизнеске баулуды да ұсынды. Нақтырақ айтсақ, бітіруші курстарда, университеттің жоғары курсында оқитын 60 мыңға жуық студентті бизнеске баулу қажеттігін айтты. Біз де өз тарапымыздан жас кәсіпкерлерге көмектесуге, олардың жолын ашуға әрқашан дайынбыз.

Бахтияр Сабденалиев

Халықаралық бизнес

университетінің әлеуметтік

даму мәселелері бойынша

басқарушы директоры

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір