• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 20:12:40
Алматы
+35°

05 Наурыз, 2018

«Жас екпін» жас өнерпаздар республикалық конкурсы өтеді

Қазақ халқының әншілік-күйшілік дәстүрін (мектебін), орындаушылық ерекшілектерін насихаттау барысында баспасөз конференциясы өтеді.

Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы және «Кенен Әзірбаев атындағы коммерциялық емес қоры» 2018 жылдың 6 наурызында «ЖАС ЕКПІН»  жас өнерпаздар республикалық конкурсына арналған баспасөз конференциясын өткізеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  

Баспасөз конференциясының мақсаты - ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа аманат мұра болып жеткен халқымыздың дәстүрлі ән-күй саласындағы асыл қазынасын жан-жақты насихаттау, халық композиторларының ән-күйлерін, терме-жырларын жас ұрпақтың санасына сіңіріп, бүгінгі күннің талабына сай тәрбиелеу. Әсіресе, қазақ халқының әншілік-күйшілік дәстүрін (мектебін), орындаушылық ерекшілектерін дәріптеп отырып, жас таланттарды іздеп табу, болашақ ұрпақтың бойында туған елдің өнеріне, өткеніне деген құрмет, сезімін қалыптастыру болмақ. 

Баспасөз конференциясына Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының меңгерушісі Рамазан Стамғазиев, «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының доценті Мұрат Әбуғазы, Кенен әндерінің насихатшысы, «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының ұстазы Шолпан Даржанова, «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының ұстазы Нұржан Жанпейісов және «Кенен Әзірбаев атындағы коммерциялық емес қорының» өкілдері және қор демеушілері қатысады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір