• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:18:00
Алматы
+35°

12 Ақпан, 2019 Әлем

Жарқанат құрлы жоқпыз ба?

Жарқанаттардан сонша қорқудың қажеті жоқ. Қайта олар мейіріді жаратылыс иесі.

Жарқанат дегенде, бірден есімізге ұшатын, қорқынышты құс елестейді, ә?! Кішкентай балаңызен орманда келе жатып, бір жарқанат құлақ түбінен ұшып өте шықса, балаңыз қорыққаннан бірден сізге тығылары анық. Өйткені, ол жарқанатты зиянды құс деп түсінеді. Алайда, сол кезде жандарыңыздан жай ғана бір кішкентай торғай зу ете қалса, оның жарқанаттай үрей туғызбасы анық.

 

Жарқанат (лат. Microchiroptera) — қолқанаттылар отрядының бір тармағы. Олигоцен дәуірінен белгілі. Арктика, Антарктида және Мұхит аралдарынан басқа құрлықтарда кең тараған. Дүние жүзінде 20 тұқымдасқа бірігетін 700-дей түрі, ал Қазақстанда 3 тұқымдасы: тағатұмсықтылар, жалтыртұмсықтылар, иттұмсықтылар бар. Иттұмсықтылар түріне жататын кеңқұлақты жарқанат — Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген бар. Тері жамылғысында қоңыр және сұр түстері басым. Құлақ қалқанының жиегі дөңгелек емес. Көздері нашар көреді. Тырнақтары болмайды. 18 — 20 тісі бар, азу тістері бұдырлы. Туысын, түрін анықтауда тіс құрылысының, олардың орналасуының үлкен маңызы бар. Жарқанаттардың есту мүшесі жақсы жетілген. Кеңістікте өзі шығаратын жоғарғы жиіліктегі ультрадыбыстарды (40 — 80 кГц), сондай-ақ, адам естімейтін, төменгі жиіліктегі инфрадыбыстарды (12 кГц) қайта қабылдау арқылы бағдарланады. Жарқанат ұя салмайды, үңгірлерді, ағаш қуыстарын, үй, құрылыс шатырларын, жарқабақтардағы құс індерін мекендейді. Күндіз жеке не топтанып, бастарын төмен салбыратып, аяқтарымен тасқа, ағашқа, жарға жабысып демалады. Кешкі ымыртта және түнде жемтігін қалықтап ұшып жүріп, тасадан тосын шабуыл жасап, шап беріп аулайды. Әр түрлі омыртқасыздар, әсіресе, түн жәндіктерімен қоректенеді. Қазан — қараша айларында қысқы ұйқыға кетеді. Бұл кезде Жарқанаттардың дене температурасы қоршаған орта температурасынан 1 — 2°С-қа ғана жоғары болады. Наурыз — сәуір айларында оянады. Ал қыс жылы болған жылдары қысқы ұйқыға кетпейді. Жарқанат табиғи жағдайда 20 — 25 жылдай тіршілік етеді. Жылына бір рет көбейіп, жалқы кейде егіз табады. Балалары анасына жабысып өмір сүріп, бір айдан соң өз бетінше ұша бастайды. Жарқанаттар әр түрлі зиянды жәндіктермен қоректеніп, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылықтарына пайда да келтіреді (дереккөз: Уикипедия).

Жер бетінде жарқанаттардың шамамен мыңға жуық түрі кездеседі. Осылардың тек үш түрі ғана кейір жануарлардың қанын сорады. Тарихта адамға шабуыл жасаған кездері болған емес. 8-9 см бойымен жарқанаттың бір малды сұлатып түсіретіндей көлемді мөлшерде қан соруы мүмкін емес. Жарқанаттардан сонша қорқудың қажеті жоқ. Қайта олар мейірімді жаратылыс иесі. Рақымы шексіз Жаратушы Иеміз осы бір тұрпаты он сантиметрлік жаратылысқа тамаша мейірімділік дарытқан. Мәселен, бір ұрғашы жарқанат балапанын дүниеге әкеле сала өліп кетсе, қасындағы басқа ұрғашы жарқанаттар дереу бір жерге жиналады. Олар жаңа туған балапан жарқанатқа бар қамқорлығын жасап, өз балапандарынан кем қылмай өсіреді екен.

Кейде адам баласы да осы тілсіз жаратылыс иелерінен үлгі алса деп ойлаймын...  

Ұсынған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір