• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 05:13:56
Алматы
+35°

02 Маусым, 2017 Әлеумет

Жарынан айырылған қарияның өмірін түбегейлі өзгерткен кездесу

Кейде күтпеген кездесулер адамның өмірін 360 градусқа өзгертуі мүмкін. Дэн есімді қартайған ер адамның оқиғасы соған дәлел.

Кейде күтпеген кездесулер адамның өмірін 360 градусқа өзгертуі мүмкін. Дэн есімді қартайған ер адамның оқиғасы соған дәлел.

Тара Вуд есімді Фейсбук қолданушысы басынан өткен әсерлі оқиға жайында оқырманымен бөлісті. 40 жастағы жазушы әйел күйеуімен 7 баланы өсіріп отыр. Бірнеше күн бұрын оның Нора есімді қызы 4 жасқа толды.

Туған күніне бір күн қалғанда анасы мен қызы егде жастағы ер адаммен танысып, оған қамқор болуды шешеді. Және бұл шешімді небәрі 4-тегі қыз қабылдаған. Анасы қызының ақыл-ойының дамып үлгергеніне іштей мақтанады.

Бұл жайында Тара «Ата-ананың бір күні» тобына жазды: «Қызымның туған күніне бір күн қалғанда біздің арамызда керемет әңгіме болды. Қызым қарт адамдарды жақсы көретінін айтты, себебі олардың терісі жұмсақ, ақырын қозғалады, өлімге бір табан жақын болады, сол үшін оларды барынша жақсы көріп, қамқорлық таныту керектігін қызым жақсы біледі».

Туған күніне орай Нора анасымен дүкен аралауға шығады. Анасы біраз уақытқа ғана басқа жаққа бұрылып қалған. Кейін қызына қараса, Нораның белгісіз қарт адамға қолын бұлғап тұрғанын көреді.

«Сәлем, қария! Бүгін менің туған күнім», деп айқай салды. Тара қызының қылығына ұялып кетеді.

Әлгі қарт адамның жанына барып кешірім сұрай бергенде ер адамның істеген ісі әйелді қайран қалдырды.

«Сәлем, кішкентай ханшайым! Иә, нешеге толдың?» деді қария қыздың жанына барып. Екеуінің әңгімесі тіпті жарасып-ақ кетті. Ата қызды туған күнімен құттықтап, қоштасып кете барды.

Қыз бұнымен тоқтаған жоқ. Жаңадан танысқан атасымен суретке түскісі келді. Бұған қария қуана келісті. Қоштасарда Нора қарияның әжім басқан қолдарын иіскеп, сүйіп алды. Әйел адам оның атын сұрағанда, Дэн деп жауап берді.

Кетерінде қария өзін бір сәтке бақытқа бөлеген Нораға алғысын жаудырды.

Бұл оқиғаны Тара бірден Фейсбукке жазады. Бұл жазбасына жауап ретінде бір әйелден хат келеді. Хатта Дэннің әйелі бірнеше ай бұрын қайтыс болғаны, бүгінде қарияның қатты жалғызсырап жүргені жазылған. Хатты оқыған Тара қарияның нөмірін сұрастырып, оған хабарласуды жөн көрді.

«Біз Дэн мырзаның қарапайым ғана үйіне келдік. Үйдің әр бұрышы оның қайтыс болған әйелін еске салады. Қария бәрін дайындап қойған. Тіпті Нораға арнап кішкентай үстел мен сурет салуға арналған қарандаш-парақтары да дайын. Кейін Нораның салған суретін өзінің тоңазытқышына іліп қойды», деп жазды Тара.

Дэн мырза көп сөйлегіш Нораның әр сөзін жалықпастан мұқият тыңдады. Анасы мен қызы қарт адамның үйінде 3 сағаттай болды.

Бүгінде Нора Дэн мырзаның жағдайын жиі сұрап тұрады. Ол да жаңа танысқан досын ешқашан ұмытқан емес. Ер адам әйелі өлген соң өмірінде бірінші рет жаны жай тапқанын айтады.

«Бұл екі адамның жас айырмашылығы – 70 жыл. Алайда бір-бірін мүлдем танымаған екі адам айырылмастай достарға айналды», дейді Тара.

Шолушы: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір