• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:36:28
Алматы
+35°

30 Қазан, 2017 NEWS

Жапонияда тайфун салдарынан жарық сөніп, 53 рейс ұшпай қалған

Тайфун орталығындағы жел жылдамдығы секундына 30 метр, кей жерлерде секундына 45-ке дейін жеткен

Жапониядағы 22 реттік номеріне ие болған «Саола» тайфуны 53 ішкі рейстің кейінге қалдырылуы мен электр энергиясы сөніп қалды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі  БЕЛТА-ға сілтеме жасай отырып.

Жапонияның бас метеорологиялық агенттігінің мәліметінше, циклон орталығындағы қысым 975 гектопаскальға тең.

Тайфун орталығындағы жел жылдамдығы секундына 30 метр, кей жерлерде секундына 45-ке дейін жеткен. Дауылды жел салдарынан елдің оңтүстік аймақтарындағы 18 мың тұрғын үй электр жарығынсыз қалған.

Қолайсыз ауа райына байланысты Кюсю мен Окинаваны елдің басқа аймақтарымен байланыстыратын 53 ішкі рейс кейінге қалдырылды. Мамандар толқынның 8 метрге дейін көтерілуі мүмкін екенін ескертіп, тайфун жүруі мүмкін аймақ тұрғындарына сақ болуға шақырды. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір