• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 16:49:17
Алматы
+35°

17 Тамыз, 2017 Оқиғалар

Жапония автокөлікті ағаштан жасап шығармақ

Ғалымдардың айтуынша, аталмыш материал темірден 5 есе жеңіл және 5 есе мықты болады

Жапониялықтар автокөлікті жасаудың жаңа бір түрін ойлап тапты. Қазіргі таңда Жапонияда жаңа бір материалдан автокөлік жасап шығару жұмыстары жүргізілуде. Ағаштан жасалған автокөліктер әлемдік аренаға шығып жатса таңқалмаңыздар. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Reuters мәліметіне сүйеніп хабарлайды.

Жасап шығарушылар жаңа материалды жеңіл әрі сапалы болады деп отыр.

Ғалымдардың айтуынша, аталмыш материал темірден 5 есе жеңіл және 5 есе мықты болады. Салмағының жеңіл болуы қолданыста аса қатты қиындықты тудыра қоймайтыны да аталып өтті.

Бүгінгі таңда аталмыш материалдың бір келісі 10 долларды құрап отыр. Ал өндірушілер 2030 жылға қарай бұл бағаның екі есе төмендейтінін айтты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір