• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:39:29
Алматы
+35°

20 Шілде, 2018 Әлем

Жапондар: Денис Теннің өлімі... Өте өкінішті!

Өте өкінішті. Осындай қиын сәтте мен жан-дүниеммен сіздермен біргемін, қайғыларыңызға ортақпын.

Qamshy.kz ақпарат агенттігінің поштасына журналист Шарафат Жылқыбаевадан мынандай мазмұндағы хат келді.  

"Қоғамдық көлікте келе жатыр едім, радиодан суыт хабар естілді. Ащы өксік көмейіме тығылып, өзімді әрең ұстадым. Неткен қатыгездік! Не жазығы бар еді оның? Денис Тенмен жеке кездескен емеспін, бірақ оның әрбір жеңісі үшін басқа да қазақстандықтар сияқты шын жүректен қуанушы едім. Ол тек Қазақстан емес, бүкіл әлемге ортақ жарық жұлдыз еді ғой. Көз жасыма ерік бердім. Ғаламторды ашып едім, поштама Хоккайдо университетінің құрметті профессоры Масанао Такэдадан әйгілі спортшының отбасына көңіл айтқан жедел хат келіпті." дей отыра Шарафат ханым аталмыш хатты оқырман назарына қазақ тіліне аударып беруді жөн санапты.

今朝新聞ソチ・オリンピック、男子フィギアメダルのデニス・テン選手
くなったことをりました
からおやみげます。残念でたまりませんご家族のお悲しみはいかば
かりかと、つつしんで哀悼の意を表します 

Бүгін таңғы газеттен Сочи олимпиадасының  қола медаль жүлдегері Денис Теннің қайтыс болғаны туралы білдім. Шын жүрегімнен көңіл айту лебізімді жеткізгім келеді. Өте өкінішті. Осындай қиын сәтте мен жан-дүниеммен сіздермен біргемін, қайғыларыңызға ортақпын."

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір