• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 09:03:23
Алматы
+35°

21 Ақпан, 2019 NEWS

"Жануарларды азаптап, өнер көрсететін цирк қажет емес" – қоғам белсенділері

"Елімізге цирк қажет емес!". Соңғы уақытта қоғам белсенділері осылай деп дабыл қағуда.

"Елімізге цирк қажет емес!". Соңғы уақытта қоғам белсенділері осылай дабыл қағуда. Жұрт жанайқайын әлеуметтік желіге жүктеп жарысуда. Себебі, жан-жануарлар сахнада өте икемді әрі ақылды көрінгенімен, оларды баулу кезінде әбден таяққа жығылады. Тіпті, сахнаның өзінде әртістер таяқшаларының басындағы инемен түртіп, үркітетін көрінеді. Осылайша, қажетті әрекет-қимылдарды жасатады екен. Қазір қоғам белсенділері "жануарларды қинау, обалына қалу – қиянат" деп жарыса жазып, цирктің аса қажет еместігін айтуда. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Хайуандарды  аяусыз қинаған жаттықтырушылардың адам шошырлық әрекеттерін айтып, көпшілік желіні толтыруда. Олар  "сахнаның бергі жағындағы көрініс пен арғы жағындағы жағдай үйлеспейді. Бәрі тек – ақша табудың амалы"  деп ашынуда.

«Меніңше, циркті бір жаңағы жарты сағаттық, бір сағат ләззәт үшін жануарларды қинап еш қажеті жоқ деп ойлаймын», деді бірі.  "Жоқ, дұрыс деп ойламаймын. Сахнаға дейін оларды қинайды», деді тағы бірі.

Астаналық цирктің әртісі Әйгерім Тілегенова қаңқу сөзге ермеу қажеттігін айтады. Себебі, "таяққа жығылған тағы ешқашан да үйретушіге ілеспейді. Оның көрсеткен әдіс-тәсілдерін қайталауы да қиын" дейді. 

«Бұл жануарларды біз қор қылып жатқан жоқпыз.  Цирк әлеміндегі адамдар – ең жанашыр адам. Бұл жерде сыртта шулап жүрген халық емес", - деді Әйгерім Тілегенова. 

Ал,мамандардың сөзінше, "жергілікті циркте жануарларға барлық жағдай жасалған. Жылына олардан екі рет қан алынып, 7 ауру түріне тексеріледі екен. Себебі, әлем сахналарында өнер көрсететін жануарлар бар. Сондықтан, түз тағыларына еш қауіп жоқ, ал оларды таяққа жығу шындыққа жанаспайтын әңгіме" - деп сендіреді.

"Міндетті түрде екпе салынады. Жануарларды жылына екі рет. Біздің жануарлар шетелге де апарылады. Шетелге шыққан кезде барлық МЭБ дейді. Международный эпизодический бюро. Барлық жануарларды тексеріп, қадағалап отыратын үлкен ветеринарлық ұйым бар.

Бүгінде қоғам белсенділері "еліміз цирктен бас тарту керек" деген пікірді жиі көтеріп жүр. Оған себеп көп. Олардың сөзінше, жан-жануарларды үйрету кезінде ұрып-соғу көбейген. Қазір әлемде цирк алаңында жануарларды қолданудан бас тартқан 50 мемлекет бар. Мәселен, пілдің салмағы 4-тоннаны құрайды. Егер жануарды ұратын болсаңыз, міндетті түрде өзіңіз зардап шегуіңіз мүмкін", деді "Астаналық цирктің" бас ветеринар дәрігері Нұрлан Қасембаев.

Астаналық циркті 8 жыл бойы басқарып келе жатқан  белгілі актер Ерік Жолжақсынов "хайуандарсыз өнер көрсетуді көзге елестету мүмкін емес" деген пікірде. Себебі "көнеден тамырын кең жайған ілкімді іс балалар үшін тағылымды дүние.Оларды ұрып-соғу бос әңгіме"- дейді.

«Циркте жан-жануарсыз әрине қиын болады да. Өйткені бүгінгі болып жатқан біздің негізгі мақсатымыз – бала-шағаны тәрбиелеу. Соны көріп кішкентай балада сүйіспеншілік пайда болады. "Жануарларды соғады" дейді. Мен 8 жыл болды, бір жануарды соққанын көрген емеспін», деді "Астаналық цирк" директоры Ерік Жолжақсынов.

Ал, қоғам белсенділері жануарларды ұрып-соғып үйрету қай жерде де бар екенін алға тартып отыр. "Түзде еркін жүрген тағыларды торда қамап ұстау да қатыгездік. Тар қапастағы аңдарға тіпті обал" - дейді олар. Сондай-ақ, акробаттар мен жануарлардың биікке өрмелеуі сияқты қауіпті тюрктер көрерменге тек қорқыныш сыйлайды. Одан халықта күйзеліс пайда болады -дейді.

«Қазір заман өзгерді. Технология дамыды. Осыған сай адамдардың да санасы көп өзгерген, жетілген. Қазір балалардың өзі қазір оны көруден қалып бара жатыр. Өйткені цирктің көрсететін түрлі сиқырлары, фокустары ешкімді нандыра алмайды. Оған 5 жастағы бала да сенбейді», - дейді қоғам қайраткері Қуандық Шамахайұлы.

Қоғам қайраткерлерінің ойынша,бүгінде цирктен көрермен жырақтап барады. Сондықтан, бұл өнер саласының шығыны таудай болғанымен, өзін-өзі мүлдем ақтамайды. Бюджеттегі қаражатты құр кетірмес үшін салаға тың реформалар қажет. Десе де, өнерде қатыгездіктің болуының өзі қателік дейді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір