• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 12:34:02
Алматы
+35°

01 Сәуір, 2019 Дін

Жантүршігерлік терактіден кейін мұсылмандықты қабылдағандар (видео)

15 наурызда Жаңа Зеландиядағы мешітте теракттае 50 мұсылман қайтыс болған еді.

15 наурызда Жаңа Зеландиядағы мешітте теракт кезінде 50 мұсылман қайтыс болған еді. Аталмыш оқиғадан кейін Жаңа Зеландияның тұрғындары мұсылмандарға қолдарынан келгенше қолдау көрсетті.

Аталмыш теракті исламофобияны өршіту үшін жасалғаны белгілі. Террористің өзі жер бетіндегі мұсылмандардың санын азайтуды мақсат еткенін айтқан. Дегенмен, бұл жайттан кейін керісінше көптеген адамдардың Ислам дініне деген қызығушылығы артты. 

Әлем бойынша өзге дін өкілдері "сендер құлшылық жасай беріңдер, ал біз сендерді күзетеміз" деген плакаттарды ұстап, мешіттерді күзетті. Тіпті кейбірі кәлима айтып, Ислам дінін қабылдады. Әрі олардың саны күн санап артып келе жатыр. Жантүршігерлік терактіден кейін Ислам дінін қабылдағандардың тізімін Qamshy.kz ақпарат агенттігі оқырман назарына ұсынады. 

Делла Майлз 

Делла Майлз

Америкалық әнші, Майкл Джексон және Уитни Хьюстонмен бірге жұмыс істеген Делла Майлз Түркияда жүрген кезде Ислам дінін қабылдады. Әлемге әйгілі джаз әншісі Далла Майлздың мұсылмандықты қабылдамас бұрын Исламды 1 жыл бойы зерттеген. Кейін Стамбұл қаласында мұсылман атанды. Оның Ислам дінін қабылдауына Жаңа Зеландиядағы теракт ықпал еткен. 

"Көптеген елдерде исламофобия оба тәрізді кең етек алуда. Оған Жаңа Зеландиядағы теракт бірден-бір дәлел бола алады. Менің жүрегім қарс айырылды. Сабырлылық пен мейірімнің жетіспеуінен сұмдық оқиғалар орын алып жатыр. Ал Ислам діні осындай жетіспеушіліктердің орнын толтырады. Мен Ислам дінін қабылдап, мұсылман атанғаным үшін бақыттымын. Бұл Жаратқанның маған жасаған ең үлкен сыйы", - дейді танымал әнші. Сондай-ақ ол өзінің Instagram парақшасына хиджаб киген суретін жариялады. 

Офа Туунгафаси

Офа Туунгафаси

Танымал спортшы, регбист Офа Туунгафаси Ислам дінін қабылдады. Ол Крайсчерч қаласындағы теракт болған мешітте мұсылмандықты қабылдаған.  Спортшының мұндай шешім қабылдауына Жаңа Зеландиядағы теракт әсерт етіпті. Ол мұсылмандықты қабылдағаннан кейін терактіден зардап шеккендердің хәлін білу үшін ауруханаға барған. Сондай-ақ ол ауруханадағы мұсылмандармен сөйлесуден рахат алғанын, шабыттанғанын айтты. 

Кейін "мен терактіден зардап шеккен мұсылмандармен сөйлесіп керемет әсерге бөлендім. Тезірек жазылып кетуін тілеймін! Сіздер үшін дұға жасаймын", - деп жазды Офа Туунгафаси өзінің Twitter парақшасына. 

Сонни Ли Уильямс

Сонни Билл Уильямс

33 жастағы танымал спортшы 2009 жылы Ислам дінін қабылдаған. Бірақ Жаңа Зеландиядағы терактіден кейін оның анасы Сонни Ли Уильямс мұсылмандықты қабылдады. 

Сондай-ақ интернетте тағы бір Жаңа Зеландия тұрғынының мұсылмандықты қабылдаған видеосы тараған. Оның да мұсылмандықты қабылдауына 15 наурыздағы теракті әсер еткен. 

Айта кетсек, Жаңа Зеландиядағы терактіден кейін 350 адам мұсылмандықты қабылдады деген ақпарат қызу талқыға түскен. Алайда бұл жалған ақпар екені дәлелденді. Аталмыш видео 2007 жылғы екені анықталды. 

22 наурызда Крейстчерч қаласында басқа мұсылман елдерінде болмаған жайт орын алды. Жұма күнгі азан барлық жергілікті телеарналардан тікелей эфирде көрсетілді. Сондай-ақ мыңдаған әйелдерін қаза болған 50 мұсылманның құрметіне орамал тақты. Премьер-министр де орамал тартып, мұсылмандарға қайғыра көңіл айтты. 

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір