• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:41:19
Алматы
+35°

21 Ақпан, 2018 Фото-баян

Жантүршігерлік қылмыстарымен әлемді дүр сілкіндірген балалар (фото)

Қыздың мәйітін төсегінің астына жасырған жеткіншек бір аптадан кейін полицияға ұсталған.

Көпшілігі балалар әу баста күнәсіз, пәк, таза болып туылады деген пікірді ұстанады. Тек үйдегі тәрбие мен айналадағылардың қарым-қатынасы балалардың санасы мен ой-өрісіне әсере етеді. Алайда, балаға адамдершілік қағидасын үйрету үшін ұзақ уақыт жұмыс істеу керек дейтіндер де бар.

Ата-ана балаға дер кезінде тиісті тәрбие мен көңілін бөле алмаса төмендегідей жағдайлар орын алмасына кім кепіл...

1. Осыдан бірнеше жыл бұрын АҚШ-тың Оклахома штатында  Брокен-Арроу қалашығында  әлемді дүр сілкіндірген қайғылы оқиға орын алды. 19 жастағы Роберт Бивер өзінің 17 жастағы Майкл есімді інісімен бірге өз жақындарын қырып салған. Екі жеткіншек ата-анасын, екі інісі мен 5 жастағы қарындасын өлітірген. Полиция екі қанішердің қатігездігіне таңқалған. Бүкіл отбасынан тек 13 жастағы қыз бен 2 жастағы сәби қарындастары аман қалған. Қалғандарын екеуі балта, пышақтармен бірнеше рет ұрып өлтірген, ал екі қарындасына қолдары жетпеген.

Көршілердің айтуына қарағанда, екі жеткіншек әу бастан ерсі қылықтар танытатын. Бауырлардың үлкені Роберт қанішерлерге, адам өлтіруге қызығып, осы арқылы танымал болғысы келген.

2. 1996 жылы 2 ақпанда Барри Лукатис ковбой киімін киіп мектепке келгенде сыныптастары оның қандай оймен келе жатқанынан хабарсыз еді. Барри өзінің сыныптастары мен алгебра пәнінен сабақ беретін мұғалімін әкесінің қаруымен атып өлтірген. Кейін белгілі болғандай, Барри психикалық ауытқуға ұшыраған екен. Барри Лукатис өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

 

3. Джош Филлипс есімді қанішер 14 жасында көршінің 8 жастағы қызын өлтірген. Бейсбол ойнап жүріп байқаусызда қыздың көзін шығарып жіберген ол, қыздың айқайлағанынан қорқып, оны үйіне алып келіп пышақтап өлтіріп тастаған.

Қыздың мәйітін төсегінің астына жасырған Джо бір аптадан кейін полицияға ұсталған. Белгілі болғандай, жеткіншек бұл әрекетті әкесінен қорыққандықтан істеген.

 

4. 12 жастағы Кристиан Фернандес өзінің 2 жастағы інісін өлтірді деген айыппен сотталған. Екі ұлдың анасы кіші баласын үлкеніне табыстап жұмыстарымен кетіп қалған. 12 жастағы Кристиан өзінің інісін кітап сөресіне ұрған. Алған жараққаттан 2 жастағы сәби талып қалған. Үйіне оралған анасы баласына ұрысып қана қойып, түк болмағандай жұмыстарын жалғасытыра берген. Тек арада төрт сағат өткен соң сәби есін жимағаннан кейін ғана әйел оны ауруханаға алып барған. Дәрігерлердің айтуынша,  егер әйел баласын ертерек әкелгенде, сәбидің өмірін сақтау қалуға болатын еді.

.

 

 

5. 11 жастағы жапондық қыз Нацуми Судзи өзінің сыныптасын өлтірген. Мазасын алып, өзін келеке қылған сыныптасын Нацуми түскі ас кезінде қағаз кесетін пышақпен өлтірген.

Көп жағдайда жантүршігерлік қылмыстарға баратын балалар - психикалық ауытқуы барлар. Ата-ананың қатігездігі мен немұрайлығы, балаға  дұрыс көңіл бөлмеуі - бала санасына үлкен зиянын тигізеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір