• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 17:21:29
Алматы
+35°

06 Маусым, 2018 NEWS

Жанқош Тұраров бір топ адаммен не үшін төбелескенін айтты (видео)

Видеода Жанқош Тұраровпен белгісіз ер адаммен сөзге келіп қалғанын байқауға болады.

Бүгін Youtube-те боксшы Жанқош Тұраров бір топ жігітпен төбелесіп жатқан видео тарады. Осыған қатысты Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі боксшыға хабарласып, мән-жайды білген еді. Жанқош Тұраров видеодағы адам өзі екенін растады. Төбелес бір апта бұрын Алматыда болған екен.

– Жігіттердің арасындағы жағдай. Жігіттермен байланысып қалып, олар өздерінен-өздері жынданып ата салды. Жарақат алғандар жоқ. Біреуді кінәлі, кінәлі емес деп айта алмаймын. Бұл оқиға бейбіт шешілді, –деді боксшы. 

Кадрда Жанқош Тұраровтың белгісіз ер адаммен ерегесіп тұрғанын байқауға болады. Қарсыласы көп сөзге келмей, боксшыны тапаншамен атып жібереді. Осыдан кейін бір топ адам бір-бірімен төбелесіп кетеді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір