• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:40:23
Алматы
+35°

04 Қараша, 2018 Спорт

Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы төртінші жеңісіне қол жеткізді (видео)

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (3-0, 1 КО) кәсіпқой бокстағы төртінші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (3-0, 1 КО) кәсіпқой бокстағы төртінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтының дерегін негізге алып. 

Қазақстандық боксшы Эль-Пасодағы (АҚШ, Техас штаты) бокс кеші аясында америкалық Вон Александрмен (12-1, 8 КО) қолғап түйістірді. Төрешілер шешімімен жекпе-жек отандасымыздың жеңісімен аяқталды. Бұл Жәнібектің кәсіпқой бокстағы төртінші жеңісі, ал Александрдың екінші жеңілісі.  

Еске сала кетсек, Вон Александер қызықты биографиясымен танымал: 2004 жылдың соңында оның рекорды 5-0, 4 КО болып, ең танымал боксшылардың бірі саналған еді. Алайда қарулы тонау қылмысы үшін он бір жыл түрмеде отырып шықты. Рингке 2016 жылы оралды.

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір