• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 03:26:07
Алматы
+35°

29 Қыркүйек, 2018 NEWS

Жәнібек Әлімханұлы кәсіби бокста үшінші рет жеңіске жетті (видео)

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (2-0, 1 КО) кәсіби бокстағы үшінші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (2-0, 1 КО) кәсіби бокстағы үшінші жеңісіне қол жеткізді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі prosports.kz сілтеме жасай отырып. 

Оклендтегі (Калифорния штаты, АҚШ) бокс кешінде шаршы алаңға шыққан Жәнібек 24 жекпе-жек өткізіп, 16-ын жеңген колумбиялық Карлос Галванмен жұдырықтасты. Жекпе-жек жоспарланған барлық раундтың соңына дейін жалғасып, қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Естеріңізде болса, Жәнібек Әлімханұлы биыл маусым айында әлемге әйгілі промоутер Боб Аруммен келісімшартқа қол қойған болатын. Бұл Жәнібектің Боб Арум басқаратын Top Rank промоутерлік компаниясы қатарына қосылғаннан кейінгі АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір